Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет138/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Н
Нейруляция – организмдердің басталуы, бұл біліктік мүшелердің комплексінің
жүйке түтігі, хорда, ішектің қалыптасу үдерісі.
Нуцеллус (лат. nucella - жаңғақша) – өсімдік тұқым бүршігінің орталық бөлігі.
О
Овуляция – жетілген фолликуладан ооциттің бөлініп шығу кезеңі.


262
Омнипотенттік (лат. nucella - жаңғақша) - өсімдіктің сомалық (денелік)
жасушалары ядроларының зигота ядросы тəрізді барлық қабілетін сақтауы, яғни
түгелдей генетикалық информацияның сақталуы.
Онкоген (гр. oncos – ісік, бұлтық) – ісік ауруларың қоздыратын ген.
Операция алды кезеңі – хайуанды операцияға дайындау кезеңі.
Операциялық блок – операция жасалынатын орын.
Опиндер (opine) – амин жəне органикалық қышқылдардың туындылары,
өсімдіктің ісік жасушаларында (тəжі тəрізді өсінді) синтезделеді; опиндерді
агробактериялар көміртегі жəне азоттың көзі ретінде пайдаланады.
Органеллалар – жасушада белгілі бір қызмет атқаратын, цитоплазманың
құрамдық бөліктері.
Органогенез in vitro (гр. organon – мүше, genesis - шығу тегі, ағ. in vitro
organogenesis) – ұлпаларды жасанды қоректік ортада өсіргенде бұрынғы бар тамыр,
бүршіктерден жəне бастауыш (инициаль) жасушалардан емес, жаңадан мүшелердің
түзілуі.
Ө
Өсімдіктер жасушаларын өсіру (ағ. plant cell culture) – жасанды қоректік
ортада асептикалық жағдайда (in vitro) өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын жəне
мүшелерін өсіру.
Өсімдіктерді сауықтыру (ағ. virus – free plants) – өсімдіктерді жасанды
ортада in vitro өсіріп, бактериялық, саңырауқұлақтық жəне вирустық ауру
қоздырушылардан арылту.
Өсіру циклі  (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер, ағ. growth cycle) – трансплантты
немесе сұйық қоректік ортада өскен жасушалардың бөлігін (инокулюмды) жаңа
қоректік ортаға отырғызғаннан бастап, келесі жаңа қоректік ортаға ауыстырғанға
дейінгі өсу кезеңі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет