262
Омнипотенттік (лат. nucella - жаңғақша) - өсімдіктің сомалық (денелік)
жасушалары ядроларының зигота ядросы тəрізді барлық қабілетін сақтауы, яғни
түгелдей генетикалық информацияның сақталуы.
Онкоген (гр. oncos – ісік, бұлтық) – ісік ауруларың қоздыратын ген.
Операция алды кезеңі – хайуанды операцияға дайындау кезеңі.
Операциялық блок – операция жасалынатын орын.
Опиндер (opine) – амин жəне органикалық қышқылдардың туындылары,
өсімдіктің ісік жасушаларында (тəжі тəрізді өсінді) синтезделеді; опиндерді
агробактериялар көміртегі жəне азоттың көзі ретінде пайдаланады.
Органеллалар – жасушада
белгілі бір қызмет атқаратын, цитоплазманың
құрамдық бөліктері.
Органогенез in vitro (гр. organon – мүше, genesis - шығу тегі, ағ.
in vitro
organogenesis) – ұлпаларды жасанды қоректік ортада өсіргенде бұрынғы бар тамыр,
бүршіктерден жəне бастауыш (инициаль) жасушалардан емес, жаңадан мүшелердің
түзілуі.
Ө
Өсімдіктер жасушаларын өсіру (ағ. plant cell culture) – жасанды
қоректік
ортада асептикалық жағдайда (
in vitro) өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын жəне
мүшелерін өсіру.
Өсімдіктерді сауықтыру (ағ. virus – free plants) – өсімдіктерді жасанды
ортада
in vitro өсіріп, бактериялық, саңырауқұлақтық жəне
вирустық ауру
қоздырушылардан арылту.
Өсіру циклі (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер, ағ. growth cycle) – трансплантты
немесе сұйық қоректік ортада өскен жасушалардың бөлігін (инокулюмды) жаңа
қоректік ортаға отырғызғаннан бастап, келесі жаңа
қоректік ортаға ауыстырғанға
дейінгі өсу кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: