Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет106/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жаттығу: «Екі жақты күнделік» (кестені толтырыңыз) Мақсаты: Білім алушыларды белсенді іс-әрекетке бағыттау.

Тапсырма: Білім алушыларға дәріс мазмұнымен байланысты «Екі жақты кҥнделік» толтыру тапсырылады.
- Тӛменде берілген кестені ӛз дәптерлеріңізге жазбаша түрде орындап аяқтаңыз. Пікірлеріңізді орта салып топта талдаңыз.

«Жеке тұлға» деп кімді айтуға болады? Оның дамуы мен тәрбиесі туралы Мен не білемін?


Нені білгім келеді?


Нені үйренгім келеді?


3. Ҥлестірмелі материалдармен жҧмыс
Тапсырма: Білім алушылар тӛрт шағын топқа бірігіп, ӛздерінің үлестірмелі материалымен жұмыстанып, «Тҥйінді сӛздер» атты тӛмендегі кестені ӛз тақырыптарына сәйкес толтырады. Жұмыс соңында әрбір шығын топ ӛкілі материалды аудиторияға түсіндіріп, бірлесіп талдайды.
Кесте - «Түйінді сӛздер» (ӛздік жҧмысқа арналған материал бойынша толтырылады)

Тақырыбы

Түйінді сӛздер, олардың анықтамасы



1-топ тапсырмасы: «Жеке тҧлға туралы тҥсінік»
Тҧлға - біріншіден, дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық ӛмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің ӛзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі ӛзіменӛзі болу қабілетінде ашылады; екіншіден, адамдар арасындағы ӛзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның ӛкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен ӛзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.
Индивид (лат. individuum – бӛлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің ӛкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының ӛнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір ӛкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы ӛзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Индивидтің сипаттамалары:

  • психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;

  • қоршаған ортамен ӛзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;

  • белсенділігі.

Тұтастық белгісі индивидтің ӛмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын кӛрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын кӛздейді. Белсенділігі оынң ӛзін ӛзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Жеке тҧлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, ӛзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан ӛзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының ӛзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде кӛрінеді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің кӛп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.
Адам – ӛзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының ӛзгеруі адам ӛмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда ӛз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет