Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет52/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   153
Екі адам оқитын дәріс – бұл екі оқытушының диалогы барысында материалды проблемалық жолмен ұсынудың түрі. Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы кӛрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің ӛкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы) модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу мәдениетін кӛрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді қатысуға, ӛз пікірін дәлелдеуге, сұрақ қоюға итермелейтіндей болуы керек. Артықшылықтары:

  1. диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім ӛзектілікке иеленеді;

  2. проблемалық ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі белгіленеді және т.б.;

  3. екі ақпарат кӛзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға, таңдау жасауға, ӛз кӛзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  4. пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында кӛрнекі түсінігі қалыптасады;

  5. педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы танылады.

Алдын-ала жоспарланған қателері бар дәріс студенттердің зейінін шоғырландыруға, олардың ақыл-ой әрекетін дамытуға, сарапшы, сыншы рольдерінде сӛз сӛйлеу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Дәріске алдын-ала жоспарланған қателер (мазмұндық, әдістемелік, әрекеттік сипаттағы) енгізіледі де, оларды оқытушы дәріс соңында студенттерге ұсынады. Типтік қателер таңдалып алынады, бұнда студенттердің міндеті дәрісті оқу барысында қателерді тауып, оларды шығарып отыру. Қателерді талдауға 10-15 минут уақыт бӛлінеді. Дұрыс жауапты тек оқытушы емес, студенттер де атап отырады. Дәріс ынталандырушы, бақылау, диагностикалық міндеттерді атқарады.
Дәріс-пресс-конференция. Дәріс тақырыбын айтқаннан кейін оқытушы білім алушыларға тақырып бойынша жазбаша түрде ӛзіне сұрақтар қоюын сұрайды. 2-3 минут ішінде студенттер ӛздерін толғандырған сұрақтарды жазып, оқытушыға береді. Оқытушы 3-5 минут ішінде сұрақтарды мазмұны бойынша сұрыптайды. Бұнда дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, тұтас мәтін түрінде оқылады. Оны баяндау барысында берілген сұрақтарға жауаптар құрылады. Дәріс соңында оқытушы берілген жауаптарды талдайды. Бұл дәрісті мына жағдайларда ӛткізген қолайлы: тақырыптың басында топтың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін, мақсаттарын анықтау үшін; ортасында курстың негізгі мәселелері қаралған жағдайда студенттерді тарту үшін; соңында – меңгерілген білімнің даму перспективасын анықтау үшін.
Колледж және ЖОО-ның білім беру жүйесінің оқу үрдісін ұйымдастырудың келесі түрі – семинарлар мен практикалық сабақтар болып табылады.
Колледж және ЖОО-ның оқу үрдісіндегі практикалық сабақтардың қызметі – пәнді терең зерттеу, субъективті тәжірибемен ұштастыру. Білім алушылардың практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімін қолдану дағдысын қалыптастыруда практикалық сабақтар ерекше орынға ие. Практикалық сабақтардың формалары әртүрлі болып келеді: тіл сабақтары, бақылу жұмысы, тест, шығарма мен мазмұндама жазу сабақтары, практикумдар.
Практикалық сабақтардың мақсаты – дәрісте жалпыланған формада алынған білімді тереңдету, кеңейту, бӛлшектеу және кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Олар ғылыми ой мен тілді дамытады, білім алушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді және кері байланыс құралы болып табылады.
Практикалық сабақтардың жоспары дәріс курсының жалпы идеяларына және бағытына сәйкес құрылады. Практикалық сабақтардың әдістемесі әртүрлі, ол оқытушының жеке ерекшелігіне байланысты болып келеді. Дәріс пен практикалық сабақтардың аралығында білім алушылардың ӛздік жұмысы жоспарланады.
Барлық практикалық сабақтардың құрылымы кӛбінесе ортақ болып келеді:

  • оқытушының кіріспе сӛзі;

  • белгісіз, анық емес материал бойынша білім алушылардың сұрақтарына жауап беру;

  • практикалық бӛлімі (реферат талдау, пікірталас, есеп шығару, баяндамалар, жаттығу жұмыстары, бақылау, эксперимент және т.б.);

  • оқытушының қорытынды сӛзі.

Бұнда жеке тұрғыдан келу және педагогикалық қарым-қатынас ерекше мәнге ие ьолады. Білім алушылар ӛз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік алуы тиіс.
Біріккен топтық әрекет – ең тиімді формалардың бірі. Оның бағыты оқытушыға байланысты. Оқытушы практикалық міндеттерді студенттердің әрі қарай ӛз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретіндей, студенттердің ақыл-ойын белсендендіретіндей, практикалық жұмыстың әдістерімен қаруландыратындай қойылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет