Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет109/126
Дата30.09.2023
өлшемі3,31 Mb.
#111935
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126
Байланысты:
httprmebrk.kzbilimassociationjusipova-pedagogikalyk-sheber.pdf 2

Педагогика-
лық іскерлік
бұл теориялық білімге негізделген және 
үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға 
бағытталған, автоматтандырылған бірізді 
жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы 
Педагогикалық 
жүйе
 
(грек. - 
«бөліктерден 
құралған, қосылған») 
белгілі бір педагогикалық тұжырым және оны 
шынайы педагогикалық практикада жүзеге 
асыратын тәжірибені қамтитын кең педагогикалық 
ұғым.
Перцептивті 
іскерлік
қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну 
түрінде көрініс табатын іскерлік.
Педагогика-
лық техника
мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара 
әрекеттесу іскерліктерінен құралады. 
Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің 
ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді 
жарасымдықта болуына ықпал етеді.
Педагогика-
лық мораль
мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, 
қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын 
белгілі бір талап-тілектердің, қағида-ережелердің, 
қалыптың мазммұндық тұжырымның жүйесі, 
жиынтығы.
Педагогика-
лық іс-әрекет
аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған 
мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, 
олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, 
қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді 
орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің 
ерекше түрі.
Педагогика-
лық 
импровиза-
ция
жасау мен қайта жаңғырту уақыты жағынан сәйкес 
келгенде кездейсоқ жағдаятқа жауап ретінде пайда 
болатын педагогикалық үдеріс барысындағы 
әрекет. Егер мұғалім фундаменталды білімдерді 
меңгерген, реакциясы жылдам, қиялы және 
интуициясы дамыған, қабылданатын шешімді 
сол сәтте жүзеге асыра алатын болса, онда 
импровизация жасау қиын емес. 


276
Педагог
бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм 
беру бағдарламаларын iске асыратын 
басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар 
мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және 
тәрбиелеуге 
байланысты 
бiлiм 
беру 
қызметiмен айналысатын қызметкерлер. 
Педагогтар
құл 
иеленушінің 
баласына 
жауапты 
құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда 
баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді 
білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты 
шенеуліктердің баласының тәрбиесімен 
айналысатын адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет