Қарым-қатынастың кезеңдері:
1. Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау
кезеңі);
2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы
кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”
3. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
4. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық
міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.
Қарым-қатынасты модельдеу барысында мыналар жүзеге
асады:
- Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;
- Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге
ауыстырылады.
Қарым-қатынас
әлеуметтік-психологиялық
құбылыс,
ол
адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-
бірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі
күштермен әсер етеді.
Қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби
құралы, педагогикалық қарым-қатынас бұл жағымды психологиялық
ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби
қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік
психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны
тану, ақпарат алмасу, іс-әрекет, өзін-өзі бекіту т.б.
Қарым-қатынас - әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Ол
адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-
бірінің ұмтылыстарына, ойларына, күйлер және сезімдеріне әр
түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Қарым-қатынаста өзара байланысты үш жағы бөлінеді:
- коммуникативті /ақпарат алмасу/,
- интерактивті /қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді
өзара әрекетін ұйымдастыру/,
- перцептивті /қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі
қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсінікті орнату/.
Біздің бәріміз де бір-бірімізбен қарым қатынас жасаймыз.
Қарым-қатынас дегеніміз
тіл арқылы пікір алысу. Адамның
ең жарқын ерекшеліктерінің бірі - оның сөйлеу қабілеттілгі.
109
Сөз
- адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы.
Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау
мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-
қатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды
қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер
тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы
ретінде зерттеп келеді. Кибернетика мен информатика теориясы
жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен
белгілеу мүмкіндігі туды. Осылайша машина тілі деген пайда болды.
Оның көмегімен адам электрондық есептеу машинаның қызметін
басқарады, компьютерлерді басқарады. Жануарлар арасындағы
сигнал алмасу да тереңірек зерттеле бастады. Адамның қарым-
қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналды. Осы
ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де
коммуникацияның жеке дара жағдайы деп қарауға болады.
Сабақта сыныпты меңгеру үшін осындағыларды мұғалім түгел
өзінің сөзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра
алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларға түгел ие болу, негізінде
баяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге байланысты
келетініне, жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасалынуы керек
екенінде үлкен маңызы бар. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі
тынышсыз отырғанда, мұғалім онымен айналысып кетсе, онда
ол өзінің жоспарын орындай алмай, мақсатына жете алмайды.
Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескертулерді дұрыс
жасап, сыныптағылармен қатынас жасай алу шеберліктің белгісі.
Сабақта мұғалім ескертейін дегенін өзінің тікелей сөз мағынасында
айтпай, көңілімен жеткізе алуы – оқушылармен қатынас жасаудағы
шеберліктің ең жақсы түрі. Мұндай тәсіл бір жағынан сыпайылықты
сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әрі әсерлі, оқушының
санасына қонымды келеді. Өйткені, оқушы ұстазының не себептен
оның атын атамай тұрғанын бірден түсініп, көпшіліктің көзінше
ұялтқысы келмей тұрғанын біліп алаңдауын тоқтата қояды. Сабақта
оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де
кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдердің
бірі – мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болып
келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі – айтылатын сөздердің айқын,
бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады.
Соңғы кезде психологиялық зерттеулерде қарым-қатынас
жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлердің
110
отырысының
коммуникативтік
мәніне
көңіл
аударылуда.
Американдық қарым-қатынас психологияда бұл бағыттағы
зерттеулерге
Достарыңызбен бөлісу: |