117
адаммен немесе адамдар тобымен сөзді пайдаланбай белгілер,
символдар, ым, ишара, пантомимика арқылы қарым-қатынас жасау.
Нақтылау кезеңінде педагог алдыңғы кезеңдерде жинақталған
қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді
нақтылайды. Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады.
Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезеңі - вербальдь
қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынасты жетістігі,
педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысты, жарқын
нақты сөйлеу, тілдік әдістерді дұрыс таңдай білуі, ақпаратты
беру мәтінін логикалық түрде құрастыра білуі интонациясына
байланысты.
Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі – кері
мазмұнды және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері
мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын меңгеру
деңгейі туралы ақпарат” береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке
сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге
асырылады.
ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және
педагогикалық
психология
ғылымдарының
тоғысында
“педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды
ХХ ғасырдың 70-жылдары Т. Н. Мальковский қарым-
қатынастың коммуникативті аспектісін, А. В. Мудрик мектептің
өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В. В. Течет ата-аналар
мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А. А. Бодалев, В. Я. Ляудис
педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп
көрсетті. Ал, А. А. Леонтьев, Н. А. Березевина, Я. Л. Коломинский,
С. В. Кондратьев, В. А. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас
ұғымын қарастырды. В. А. Кан-Калик қарым-қатынастың
психологиялық мазмұнын, құрылымын, стилін, кезеңдерін
анықтады.
Педагогикалық
қарым-қатынас
“педагогикалық
шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.
Достарыңызбен бөлісу: