123
Өз ісіне деген эмоционалдығы жаттығушымен үзіліс кезінде
немесе дайындықтан кейін жүргізілетін табиғи кеңес кезінде
ашылады. Егер топтық жиын
кезінде бір оқушының келмей
қалғандығы анықталып, келесі бір оқушы өзін ата-анасы жібермей
қалғандығын жеткізсе, жаттықтырушы оларға егер баскетболды
шын жүрегімен сүйсе, онда ата-ананы да оны сүйе білуге тартулары
керектігін түсіндіреді.
Жаттықтырушылардың сөйлеу формалары әр түрлі болып
келеді: нақты тактикалық нұсқаулар (мысалы: «Иығыңды түзе!»),
қолдау көрсету (мысалы, «жарайсың!»), қолдамаушылық (мысалы,
«мен бүгін сенің әрекетіңе қанағаттанбаймын») жэне т.б.
Жаттықтырушы ұстамды,
тактикалы болғандықтан, окушылар
оның барлық талаптарын ризалықпен орындайды. Жаттықтырушы
кәсіптік қарым-қатынаста да (топ облыстық олимпиада да чемпион
атағын жеңіп алды), жеке (жаттығушылар өз шаруасымен,
уайымымен жаттықтырушыға жолығады) байланыста да белсенділік
танытады.
Жаттықтырушы топты жақсы бағалайды және оның болашағы
оны толғандырады.
Жаттығушылар оған шын ықыласымен төлем төлейді.
Сауалнамалардан: «Ол барлығын бірдей бағалайды, ал
бұл ең
бастысы»; «Басқа жаттықтырушыны дәл осы кісідей жақсы көре
алмайтын сияқтымын»; «Барлығына бірдей қарым-қатынаста
болады», т.б.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен
есептесіп қана шешім қабылдайды,
жұрттың талаптары мен
ұсыныстарын тыңдауды қалайды. Мұндай лидер - топ мүшелерінің
бастамаларын мақұлдайды, сөйтіп олардың рухани қанағаттануына
жағдай жасайды. Ол жиналыс үстінде сын мен өзара сын өрістеуіне
мүмкіндік береді, ұжымнан ешнәрсе жасырмай, әр кез адамдардың
көңіл-күйіне жақсы әсер етіп, олардың ықыласы мен сеніміне
бөленеді.
Достарыңызбен бөлісу: