Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі бекіткен алматы, 011 £


Сапсіісіа түқымдасына жа-  гатьш ашытқылар және  Меіһуіорһіііиз теіһуіоігорһиз



Pdf көрінісі
бет64/100
Дата20.01.2023
өлшемі16,47 Mb.
#62106
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100
Сапсіісіа
түқымдасына жа- 
гатьш ашытқылар және 
Меіһуіорһіііиз теіһуіоігорһиз
бактерияла- 
ры жатады. Сонымен бірге, ақуызды балдырлардан және бактерия- 
лардан алуға болады. Балдырлардан алынған ақуыздар тек қана 
тағамдық мақсаттарда емес, сонымен бірге жем қоспаларында да 
қолданылады. Фототрофты қоректену және биомасса түзілуі кез- 
інде олар атмосфералық көмірқышқыл газын қолданады. Техни- 
калық жағынан осылардың ішінен ашытқылар ең жақсысы. Олар- 
дьщ ең басты артықшылығы олардың технологиялылығында: ашы- 
тқыларды ондірістік жағдайда ондіру оңай. Олар өте жылдам кө- 
бейеді, жат микрофлораға түрақты, кез келген қорек көзіне тез 
бейімделеді, оңай бөлінеді, ауаны спорамен ластамайды. Ашыт- 
қы жасушасының 25% қүрғақ заттар. Ашытқы ақуызының биоло- 
гиялық бағалылығы оның қүрамындағы ауыстырылмайтын амин- 
қышқылдарына байланысты.
Бір жасушалы организмдер ақуызын өндірудің артықшылығы 
орасан зор. Мысалы, 500 килограмм ашытқы бір тәулікте 80 тонна 
ақуыз береді. Осындай салмақтағы өгіз организмінде бір тәулік- 
тегі жиналатын белок мөлшері 400-500 грамды қүрайды. Микро- 
организмдерді осіру арнайы ферментерлерде, үздіксіз дақылдау 
әдісі арқылы жүргізіледі. Альшған биомассаны дақылдық қоректік 
ортада сепарациялау және сүзу (фильтрациялау) арқылы бөліп 
алады әрі қарай оны жуады, концентрлейді және 80-90°С жылуы- 
мен ашытқыларды залалсыздандырады. Ондай әдіспен алынған 
қаймақ тәрізді қою биомассаны ыстық бумен үрлеу арқылы кепті- 
реді, одан кейін қораптарға салынып, түтынушыларға жіберіледі.
Бір жасушалы организмдерді өсіріп алудың тағы бір жолы —
субстрат ретінде өнеркәсіптік қалдыктарды пайдалану. Оған мы­
салы, қағаз шығаратын онеркәсіптен өңделген сульфидті ерітінді 
жатқызуға болады. АҚШ-та бүл ерітінділерде тағамдық ашытқы- 
ларды өсіреді. Мал азықтық ашытқы саңырауқүлақтар акуызы 
аса қүнды. Онда басқа өнімдерде кездеспейтін, мал организміне 
аса қажетгі лизин амин қышқылы бар. Сонымен қатар мүндай 
жемде В тобына жататын витаминдер, темір, мыс, мырыш, ко­
бальт сияқты микроэлементтермен катар фосфор, кальций ионда- 
ры жеткілікті. Ашытқы саңыраукүлақтар жемдің дәмін жақсарта-
87


ды және түрлі витаминдермен байытады. Мал жем азықтың ашыт- 
қы саңырауқұлақтарды өсіру үшін әдетте ағаш үнтақтары және 
өсімдік қалдықтары (жүгері тамыры, сабан, мақта қауашағы) қол- 
данылады. Мал жем азығына микробты ақуызын қосқанда олар- 
дың өнімділігі артады және одан өнімнің өзіндік қүны да төмен 
болады. ТМД елдерінде жемдік азық ретінде ағаш гидролизаты 
және мүнай көмірсутегілері негізінде микробтық ақуызды көп 
тоннажды өндіру өндірісі қүрылған. Өндірістегі ашытқылардың 
бір жылдық өнімі 1 млн тоннаға тең. Бүл өнімде шамамен 20 млн 
тонна аралас жемдік азықты және тауық шаруашылығы мен шо- 
шқа шаруашылығында қосымша 
1
млн. тонна етті ақуызбен бай- 
ытуға мүмкіндік беретін 60%-ға жуық протеин болады.
Микроорганизмдер ылғалды жерде жақсы тіршілік ететіндік- 
тен, көптеген азықтарды сақтағанда ылғалды реттеу қажет. Шы- 
рынды мал азығын даярлау үшін сүрлеу әдісі пайдаланылады. 
Сүрлеу
дегеніміз - микробиологиялық және химиялық факторлар- 
ды пайдалана отырып, жемшөпті маңызды биологиялық қосылыс- 
тармен байыту және сақтау. Сүрлеу — сөлді өсімдік массасын 
консервілеудегі микробиологиялық және биохимиялық үдіріс. Сүт 
қышқылды бактериялар түзетін қышқылды реакция ортасы жемді 
сақтаудың негізгі талабы. Микробтар көмегімен түрлі органика- 
лык қышқылдар, витаминдер, амин қышқылдары түзіліп, азық 
сапасы едәуір жақсарады. Сапалы сүрлемде сүт қышқылы 1-1,5% 
болады. Осы сүт қышқылы көмегімен жем үзақ уақыт бойы бүзыл- 
май сақталады, яғни консервіленеді. Сүт қышқылының қажетті 
мөлшерде түзілуі үшін сүрленетін жемде жеткілікті мөлшерде қант 
пен оның эпифит микроорганизмдерінің қүрамында сүт қышқы- 
лы бактериялары мол болуы тиіс. Үйытқыны сүрлеу кезінде дүрыс 
қолданса сүт қышқылды ашу үдерісі жоғарлап, жағымсыз микро- 
биологиялық үдерістерді жоюды, нәтижесінде қүнды жем алына- 
ды. Биологиялық қасиетіне келсек, сүт қышқылды бактериялар 
шіріткіш микрофлораны тежеп, ақуыздың жақсы сақталуын (
1 0

15%), 2-8 есе қүргақ заттың жоғалуын жоюды, қүрамындағы А, 
С, В
]2
витаминдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйытқымен 
жасалған сүрленген жемді мал жақсы жейді, олардың өнімділігі 
арттырады. Егер сүрленген жемді шошқаға берсе тәулігіне 5,7- 
12%, сауылым малына берсе 5-7% сүттегі май 0,1 % жоғарылайды, 
сонымен қатар сүттің қышқылдылығы 1% төмендейді. Химия- 
лык консерванттарга Караганда сүрлеу ашытқылары әлде қайда 
пайдалы, себебі оның қүрамында пайдалы бактериялар бар, ток­
син және бөтен иісі, нитрат болмайды. Бүл экологиялық таза өнім.
88




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет