Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Стратегиялық менеджменттегі талдау әдісі



Pdf көрінісі
бет10/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

2. Стратегиялық менеджменттегі талдау әдісі
Саладағы жалпы 
жағдайды талдау
Стратегияны әзірлеу үшін бірінші қадам талдау жұмысын 
жүргізу. Талдау қалыптасқан, болған жағдайларды анықтау үдерісі. 
Онсыз ешқандай болжау, жоспарлау, бағдарламалау мүмкін емес. 
Компания қандайда болмасын стратегияны қабылдауы үшін, 
алдымен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап бағалау қажет.


25
Ол үшін үш бағытта зерттеу жүргізіледі: 1)саладағы жағдайлар 
және бәсекелік мүмкіндіктер, 2)компанияның өз ішіндегі жағдайы, 
3) оның бәсекелестік қабілеті. Саладағы жағдай және ондағы 
бәсекелік шарттар жалпы алғанда компанияның макроортасына 
жатады. Сондықтан қалыптасқан жағдайды талдау үшін ең алдымен 
макроортаны зерттеу керек.
Саланың жалпы жағдайын және оның бәсекелестікке 
қабілеттілігін талдау жұмыстары төменгі жеті сауалға жауап алу 
үшін жүргізіледі:
1. Саланы сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштер 
қандай?
2. Салада қандай бәсекелестік күштер бар және олардың әсер 
ету дәрежесі қандай?
3. Саланың құрылымындағы бәсекелік күштерді өзгертуге не 
себеп болады және олар болашақта қалай әсер етеді?
4. Қандай компаниялардың ең күшті (әлсіз) бәсекелік 
жағдайлары бар?
5. Таяу уақытта бәсекелік додада қай салада қандай бет 
алатынын кім тез анықтайды?
6. Бәсекелік додада жетістікті болмаса сәтсіздікті қандай 
шешуші фактор анықтайды?
7. Болашақта жоғары табысты болу үшін қандай сала 
тартымды?
Осы сауалдар фирманың (ұйымның) қандай жағдайда, қандай 
ортада қызмет ететінін анықтайды. 
Салада негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау ерекше 
орын алады. Әдетте оларға мыналар жатады: рыноктың көлемі; 
бәсекелестік қандай салада өтуі мүмкін (жергілікті аймақ, ұлттық, 
жаһандылық); рыноктың өсу жылдамдығы және саланың өмірлік 
циклы; бақталастырушылардың саны және олардың көлемдері, 
шоғырлану дәрежесі; таласушылардың өнімдерінің (қызметтерінің) 
дифференциалдандырылуы; технологиялық өзгерістерінің деңгейі; 
экономикалық өндіріске, маркетингке, жүк тасымалдауға әсері; 
капиталға қоятын талаптар; саланың табыстылығы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет