Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Бәсекенің бес жалпы стратегиялары



Pdf көрінісі
бет15/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   144
Бәсекенің бес жалпы стратегиялары
Компанияның бәсекелік стратегиясын анықтау үшін бес түрлі 
нұсқа бар:
1. Шығындар бойынша стратегиялық жетекші. Бұл стратегия 
тауар өндіру барысында толық шығыстарды азайту. Бұл көптеген 
сатып алушыларды тартуға мүмкіндік береді. 
2. Кеңінен дифференцияландыру стратегиясы. Компанияның 
өндіріп жатқан тауарларына ерекше белгі беру арқылы бәсекелестік 
фирманың тауарларынан ажырату. Бұл сатып алушылардың 
көпшілігін тартуға көмектеседі. 
3. Оңтайлы шығын стратегиясы. Бұл сатып алушыларға 
төменгі шығын мен өнімнің кең дифференцияландыру арқылы өз 
ақшасына көп құндылықтарды алуға мүмкіндік туғызады. Мақсат 
шығын мен бағаның арасын өзара оңтайландыру.
4. Аз шығындарға негізделген стратегия. Бұл сатып 
алушылардың өте шағын сегментке бағдарлануы. Бұл жағдайда 
фирма өндірістік шығынның төмен болуы арқылы бәсекелестерінің 
алдына шығады.
5. Нарық құрылымынан орын алу стратегиясы өнімнің 
дифференцияландыруы негізінде пайда болған. Бұл стратегияның 
негізгі мақсаты таңдап алған сегменттің өкілдерін тауарлар 
мен қызметтермен толық қамтамасыз ету. Бұның бәрі олардың 
таңдамына және талаптарына сай болу керек.
Фирмаға әсер ететін бәсекелік күштер 
Фирмаға кездесетін пайдалы (ыңғайлы) мүмкіндіктер мен 
қауіптерді теңестіру үшін салада бәсекелік күштерді талдау қажет. 
Ол үшін М. Портер бес күш моделін (үлгісін) ұсынды – Портердің
«бес күш» моделі деп аталады:


35
3-сурет. М. Портердің «бес күш» үлгісі
М. Портердің дәлелдеуі бойынша, бұл үлгі мағынасы осы 
күштердің әсер етуі (басым болуы) жоғары болған сайын, жұмыс 
істеп жатқан компаниялардың бағаларды және пайданы өсіруге 
мүмкіндіктері азая түседі. Күш әлсіреген сайын, компания үшін 
жақсы мүмкіндіктер туады. Компания өз стратегиясын өзгерту 
арқылы ол күштердің өз пайдасына жұмыс істеуіне әсер етеді. 
1. Портер бойынша, бірінші күш – әлеуетті бәсекелестердің 
кіру тәуекелдігі компанияның пайдалылығына қауіп туғызады. Бұл 
фактордың бәсекелік күші кіруге кедергілердің биіктігінен тәуелді 
(салаға кіру құны). Бұл кедергілердің пайда болуының үш негізі 
бар:
а) сатып алушылардың сауда маркасына ниетінің түзулігі;
ә) шығын бойынша абсолюттік артықшылықтар (өндірістің 
төмен
шығындығы 
жұмыс 
істеп 
жатқан 
компаниялардың 
артықшылықтарын қамтамасыз етеді);
б) мөлшер арқылы үнемділік (бұл үлкен компаниялармен 
байланысты).
2. Портер бойынша, екінші бәсекелік күш – саладағы 


36
компаниялар арасындағы бақталастық болып табылады. Бұл 
жерде үш факторлардың әсерін анықтау қажет: салалық бәсекенің 
құрылымы; сұраныстың жағдайы; салаға кіру кедергілердің биіктігі 
– бұлар экономикалық және эмоционалдық факторлар болып 
есептеледі. 
3. Үшінші күш – сатып алушылардың «саудаласу» 
мүмкіндіктері. Бұл сапа қажеттілігіне байланысты бағаға төнетін 
қауіп. Әлсіз сатып алушылар, керісінше бағаны өсіреді және таза 
табысты көтереді. 
4. Төртінші бәсекелік күш – жабдықтаушылар жағынан 
көрсетіледі. Бұл бағаны көтеру қаупі және соған байланысты 
компанияны жабдықтау өнімдерінің санатын кемітуді мәжбүр етеді. 
Сөйтіп таза табысты да азайтады. 
Жабдықтаушылар тарапынан ең күшті әсер ететін мүмкіндіктер 
мыналар:
- жеткізілетін өнімнің өзгертушілерінің аз болуы және оның 
компанияға маңыздылығы;
- қашан саланың компаниялары жабдықталушы фирмаларға 
маңыздығы аз;
- қашан жабдықтаушылар тікелей интеграциялауды қауіп ретінде 
пайда лану.
5. Бесінші бәсекелік күш – өнімдердің ауыстырылуының қауіп 
туғызуы. Бұл бәсекелік қауіп – компанияның бағаларын және оның 
пайдалығын шектейді. 
Портер елдің бәсекелстік қабілеті туралы мынадай сатыларды 
келтіреді: 
1) өндірістің факторлар сатысы; 
2) инвестиция сатысы;
3) жаңалық енгізу сатысы; 
4) байлық сатысы.
Стратегиялық басқаруда бәсекелік артықшылықтардың жіктеуін 
білу қажет. Объектілердің мынадай жіктеу белгілері бар: жүйеге 
қатысы (ұйымға, елге және т.б.); артықшылықтардың пайда болу 
аясы; артықшылық факторларының мазмұны; артықшылықтың 
пайда болу құралы мен әдісі; іске асырылатын жері (орны); уақыты 
және алатын тиімділіктің түрлері.


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет