Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет25/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144
Ресурстарды бөлу. Ең ірі ұйымдарда да әрқашан қорлар 
шектеулі. 
Әрбір басшы ұйым мақсатына тиімді жолмен жету үшін топтар 
арасында материалдар, адамдар ресурстарын, қаржыларды бөлулері 
керек. Бір топқа көбірек, ал екіншісіне азырақ көңіл бөлу шиеленіске 
әкеп соқтырады. Сондықтан басшы әр шешімді дәлелді, тиянақты 
қабылдауы қажет. 
Тапсырмалардың өзара тәуелділігі. Топтардың тапсырманы 
орындаулары жеке адам мен топтың байланысынан туады. Барлық 
ұйымдар бір-бірімен тығыз элементтер арқылы байланысқан жүйе 
болғандықтан, бір бөлімшенің немесе бір адамның теріс байланысы 
шиеленіс тудырады. Шиеленістердің пайда болу мүмкіндіктеріне 
байланысты құрылымдының түрлері де әсерін тигізеді.
Мақсаттардағы 
айырмашылықтар. 
Ұйымдардағы 
қайшылықтардың ұлғаюының бір себебі – ол ұйым ішіндегі
мамандандырылған бөлімшелерге бөлінулері болып табылады. 
Бұндай бөліну бөлімше мақсаттарын және міндеттерін өздері 
тұжырымдауларына әкеп соғады және сол мақсаттардың 
орындауларына көп көңіл бөлдіреді.
Құндылық пен ұсыныс айырмашылықтары. Адамдар болып 
жатқан жағдайларды объективті түрде бағалаудың орнына, тек 
өз көзқарасы мен пікірі арқылы жеке басы мен топ қажеттілігіне 
байланысты жағдайды ғана пайымдайды.
Құндылық айырмашылығы – ең көп тараған қайшылықтың 
себебі. Мысалы: бағынушы өз ойын әрқашанда айтуына құқым бар 
деп есептейді, ал басшы болса – бағынышты өз ойын тек ол адамнан 
сұрағанда ғана айтуға құқығы бар деп есептейді. 
Мінез-құлық өнегесіндегі айырмашылық және өмірлік 


50
тәжірибе. Өмірде әрбір сөзді өзінше қабылдап, оған агрессия 
және өшпенділік, қастық, араздық, жаулық сезіммен қарайтын 
адамдар кездеседі. Ондай адамдар айналасында қайшылықтар мен 
шиеленістер және дау-дамай, жанжалдар туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет