Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Есту қабілеті зақымданған балалардың сӛйлеуі



Pdf көрінісі
бет119/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   134
13.3. Есту қабілеті зақымданған балалардың сӛйлеуі 
Есту қабілеті бҧзылған балалар, сӛйлеуді тек арнайы 
оқытудың кӛмегімен меңгереді. Мҧнда олар, сӛздік қимыл-
қозғалыс тҥйсіктерімен толықтырылған, кӛру арқылы қабылдау 
қабілетіне сҥйенеді. Олардың сӛйлеудегі екпінді, әуезділікті 
қабылдау мҥмкіндіктері жоқ, егер мҥмкіндіктері болса, қалыпты 
балалар сияқты, сӛйлеушіге еліктеуге тырысар еді.
«Ж. И. Шиф, саңырау балалардың сӛйлеуінің қалыптасу 
ерекшеліктерін анықтайтын, 4 тҥрлі психологиялық шартты 
ажыратып кӛрсетеді: 
Бірінші шарт – саңырау балаларда, алғашқы сӛз 
бейнелерінің сенсорлық қалыптасу негіздерінің, қалыпты 
балалардан ӛзгешелігін кӛрсетеді. Еститін балаларда, сӛздің 
алғашқы бейнесі, есту арқылы қабылданса, саңырау балаларда, 
кӛру арқылы қимыл сезімдерімен қатар қабылданады (сӛздің 


239 
жазылған бейнесі, дактильмен бейнеленген сӛз, артикуляциямен 
бейнеленген сӛз). Кӛру арқылы тҥс, фактура, пішін, әріптер 
қабылданады, олар қимылдармен сәйкестендіріледі. Сӛйтіп, 
балалар сигналдық карточкаларды, қимылдарды белгі ретінде 
қабылдауға ҥйренеді. Саңырау балалар ҥшін, сӛзді кӛру арқылы 
қабылдау, тілмен танысудың алғашқы кезеңі болып табылады.
Екінші шарты – еститін балаларға қарағанда, саңырау 
балалардың тілдік материалды ӛзгеше ретпен талдайтындығы. 
Еститін балалар, сӛйлеуді меңгергеннен кейін, бірден сӛздің 
фонетикалық бейнесін қабылдайды, буындарға бӛліп, «әліппелік»
дыбыстарға ажырата алады.
Саңырау балалардың, сӛздер ағынынан жеке бір сӛзді, 
дыбысты ажыратып алу мҥмкіндігі, сӛйлеу дағдысынан 
анағҧрлым кейін пайда болады. Сӛз қҧрамына нақты дискреттік 
талдау жасау қабілетіне, одан да кеш, яғни сауат ашу кезеңінде 
қол жеткізуге болады. Сӛздердің дискреттілігі, қҧлақтан гӛрі, 
кӛзбен жеңіл қабылданады. Саңырау балалар, сӛзбен кӛру 
жолымен танысады. Ауызша сӛйлеуді, ҥйрету барысында кӛріп 
қабылдайды, тек ауызша сӛйлеуді ҥйренген соң, буындарға бӛле 
бастайды. Мҧнда сӛздің бҧрынғы әріптік талдауында, қайта 
қҧрылу жҥзеге асады: сӛйлеуде қозғалысқа тҥсетін компоненттер 
мен кӛру арқылы қабылдаудың қатынастары ӛзгереді (қалыпты 
есту қабілетінде, мҧндай ӛзгеріс болмайды). Осылайша, сӛзді 
әріптер кҥйінде қабылдайтын, саңырау баланың кӛру арқылы 
қабылдауы, сӛйлеуге қатысатын қозғалыс компоненттерінің 
ықпалына бағынуы керек. Бҧл сияқты қайта қҧрылу, ӛте баяу 
жҥретін ҥдеріс. Себебі, саңырау балалардың сенсорлық сӛйлеу 
тәжірибесінде, сӛздің бейнелік кескіні ҧзақ уақытқа дейін, бҧл 
кезде баяу дамып келе жатқан, сӛздің қозғалыс кескінінен гӛрі 
басым болады.
Үшінші шарты – еститін балалармен салыстырғанда, 
грамматикалық қҧрылымның ӛзгеше жасалуы. Оның себебі, 
сӛйлеуді басқаша сенсорлық жолмен меңгеру болып табылады. 
Айтылатын сӛзді қалыпты балалар тҧтас бірлік ретінде 
қабылдайды, ал сӛз тҥрленетін болса, ол басқаша естіледі. 
Саңыраулар болса, сӛзді бейне ретінде қабылдағандықтан, ондағы 
тҥрленулер сыртқы ӛзгеріс ретінде қабылданады.


240 
 Тӛртінші шарты – сӛйлеуге қатысатын қимылдардың 
қалыпсыз жағдайда қалыптасуы. Бҧл ӛз кезегінде, есту кемістігін 
тҥзетуге кедергі жасайды. Екінші кемістік, бірінші кемістікке 
қаншалықты жақын болса, соншалықты оны коррекциялау 
мҥмкіндігі азаятындығы белгілі. Сӛйлеудің дыбысталу жағы, есту 
қабілетінің бҧзылуымен тығыз байланысты болғандықтан, оның 
қалыптасуы, қиын мәселе болып табылады»
1

Саңырау балалардың сӛйлеуді меңгеруінде, сӛйлеуде 
грамматикалық ережелерді қате қолдануы оларға тән белгі. Бҧл 
қателіктер, 
сӛздік 
қарым-қатынастың 
бҧзылуымен 
және 
психологиялық жағдайлармен байланысты. Кездесетін қателіктер, 
сӛйлеуді меңгерудің әр сатысында әртҥрлі. Сӛйлеуді меңгерудің 
ерте кезеңдерінде, саңырау балаларда сӛз таптарын шатастыру 
жиі кездеседі, оларды ҥнемі қолдана бермейді, есімдіктер мен 
шылауларды қиындықпен меңгереді. Кӛп жағдайда, есімдік, 
шылау, жалғаулар мен жҧрнақтарды ажырата алмайды. Жоғары 
сыныптарда, мҧндай ӛрескел қателіктер азаяды, бірақ тілдегі 
нәзік белгілер меңгерілмей қалады. Бҧл жағдайда, саңырау 
балалардың сенсорлық кемістігімен байланысты болатын болса, 
екінші жағдайда – олардың ойлау қабілетінің дамуымен, ҥшінші 
жағдайларда – тіл табиғатын танудағы қиындықтармен 
байланысты. 
Саңырау 
балалардың 
психикалық 
даму 
ерекшелігінің бірі, олардың бір уақытта ауызша және жазбаша 
сӛйлеуді, дактиль және белгімен ымдау тілін меңгеруі.
«Дактиль тілі – сӛйлеудің кинетикалық тҥрі. Саусақ қимылдары, 
алфавит әріптерін білдіреді. Мҧндағы әріптерді дактилема деп 
атайды. Дактиль тілінің кӛмегімен сӛйлесуде, жазба тілдегі 
ережелер сақталады. Дактильдеу, міндетті тҥрде ауызша 
сӛйлеумен қатар қолданылады. Қазіргі кездегі саңырауларды
оқыту жҥйесінде, дактиль тілі мектепке дейінгі жастан бастап 
ҥйретіледі, ауызша сӛйлеуді қалыптастыруға негіз болады. Мҧнда 
балалар, сӛздің дыбыстық қҧрамын анағҧрлым толық меңгереді. 
Дактильдеу сӛйлеуді, естіп-кӛріп қабылдауды жеңілдетеді, 
әсіресе, ерін қимылынан қабылдауға қиын дыбыстарды тҥсінуде,
ӛзінше жеңілдіктер туғызады. 
------------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.460. 


241 
Белгімен ымдау тілі – бҧл саңырауларда қарым-қатынас 
қажеттілігінен туындайды. Ымдау тілін зерттеуші маман-ғалым Г. 
Л. Зайцева, ӛте кҥрделі қҧрылым екендігін айтады, себебі оған 
екі тҥрлі ымдау тілі енеді: қазақ тілі және калька арқылы кӛрінісі 
тҥріндегі тіл. Қазақша ымдау тілі, кәдімгі тілдегі ымдау 
белгілерінің кӛмегімен қарым-қатынас жасау, яғни ӛздігінен 
пайда болған лингвистикалық жҥйе. Оның ӛзіндік лексикасы, 
грамматикасы бар. Ауызша сӛйлеу мҧнда қолданылмайды. 
Калька тҥріндегі ымдау тілі – екінші белгілік жҥйе, ол ауызша 
сӛйлеудің базасында және тілді меңгеру барысында игеріледі. 
Мҧнда ымдау белгілері, сӛз эквиваленті болып табылады, яғни 
ымдау тілі, заттар мен қҧбылыстарды, қимылдарды, белгілермен 
тҥсіндіреді. Оларды қолдану реті, сӛйлемдегі сӛздер ретіне сәйкес 
болады. Мҧнда да дактиль тілі сияқты, ерін қимылы бірге 
қолданылады»
1
.
Саңырау балалардың кӛпшілігі, жоғарыда аталған қарым-
қатынас тілдерінің барлығын қатар меңгереді. Г. Л. Зайцеваның 
айтуынша, сӛйлеу-ымдау тәрізді қостілділікке, әрбір тілдік 
жҥйенің ӛзара байланысы мен ӛзара әрекеттілігі, әр тілдегі 
коммуникативті қызметтердың таралуы сияқты белгілер тән. 
Саңыраулардың сӛйлеу-ымдау қостілділігі, олардың тҧтас 
психикалық дамуына әсер етеді, олардың жеке жақтары есте 
сақтау, ойлау қабілеттеріне, тҧлғалық дамуға ӛз ықпалын 
тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет