ҚОСЫМША 4 «Жобалау қызметі нәтижесіндегі педагогикалық жүйенің ӛзгерістерін бағалау» әдістемесі Білім беру ұйымын жобалау негізінде дамыту ӛзгерістері неден кӛрінетіні және қалай ӛлшенетіні қарастырылып, оның тиімді жолдары анықталады. Педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарының мақсатқа сәйкес даму ӛзгерістерінің деңгейін, динамикасын, жалпы нәтижелерін қорыту үшін «Жобалау қызметі нәтижесіндегі білім беру ұйымының ӛзгерістерін бағалау» әдістемесі мен оның ӛлшемдері мен кӛрсеткіштері тӛмендегідей белгіленеді:
Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы;
Жүйедегі қызметтік (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау) және құрылымдық (басқару субъектілері, құралдары, мазмұны) компоненттердің инновациялық ӛзгерістерге икемділігі, ӛзін-ӛзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы;
Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, ӛзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы.
Осылайша, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметін ұйымдастыру негізінде педагогтарды ұжымның басты ресурстары ретінде дамытудың ӛлшемдері мен кӛрсеткіштері тӛмендегідей айқындалды:
А. Жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы. Кӛрсеткіштері:
басқарушы тарапынан кіші жүйе басшыларына, педагогтарға ұйымның даму стратегиясын, құндылықтық бағыттарын, мақсаты мен жоспарларын, күтілетін
нәтижелерін хабардар етуі; жүйені дамытудағы кіші жүйелер мен педагогтардың
мақсат- міндеттері белгіленуі; кіші жүйелермен кері байланыс ұйымдастырылуы;
кіші жүйелердің, педагогтардың жоспары болуы, оның
жүйені дамыту мақсатымен сәйкес болуы; педагогтар мен кіші жүйе нәтижелерінің жалпы жүйе
мақсатына сәйкестігі; білім беру нәтижелерінің педагогтардың әдіс - тәсілдерін анықтаудағы басым бағыттар ретінде пайдаланылуы; нәтижелерді бағалау ӛлшемдері мен кӛрсеткіштерін бірлесе құрастырылған әдістемелері болуы, ішкі және сыртқы бағалау жүйелері жасалуы.
білім алушылар мен педагогтар нәтижелерінің
мониторингі
В. Жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің инновациялық ӛзгерістерге икемділігі, ӛзін- ӛзі дамытудың тиімді ұйымдастырылуы; Кӛрсеткіштері:
Ұйымға қойылатын жаңа талаптарға сай педагогтар әлеуетін анықтау, жүйелеу және дамытуды жоспарлау; ұйымның күнделікті және болашақ қажеттіктеріне орай
педагогтардың әлеуетін дамытуды жүзеге асыру; педагогтардың мақсат-міндеттерінің орындалуына, бастамаларын қолдауға, инновациялық қызметтерін жүзеге асыруға қолдау жасауы; педагогтардың ӛзіндік анықталуына, ӛз бетімен білім
алуына және ӛзін-ӛзі дамытуына жағдайлардың болуы; жеке педагогтардың және топтардың танымдық әрекеттерін қолдау, оған мүмкіндіктер туғызу; қосымша білім алу құрылымдары, зертханалар, мүдделі
топтар болуы және адамдардаң қанағаттанғандық бағасы;
С. Жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, ӛзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың қалыптасуы. Шығармашылық бірлестіктердің, оған
қатысушылардың саны ӛсуі;
Жалпы жүйені мен кіші жүйелерді дамытуда педагогтардың, білім алушылардың, ата-аналардың бастамалары туындауына, олардың жүзеге асырылуына мүмкіндіктер жасалуы;
Ұжым мүшелерінің жобалық ӛзгерістерді қолдауы;
Бірлескен ғылыми-әдістемелік, технологиялық жобалар ұсынылуы, ендірілуі;
Жаңа ізденістік жобалар нәтижелерін ендіру
әдістемелері қалыптасуы;
Педагогтар мен білім алушылардың түрлі
қауымдастықтары пайда болуы
Жобалар сайыстарына қатысушы педагогтар мен білім алушылардың кӛбеюі, нәтижелері.
Ұжым мүшелерінің түрлі деңгейлердегі жетістіктері, жүлделі орындары.
Сонымен қатар, аталған ӛлшемдердің деңгейлері белгіленді.
Тӛмен деңгей жүйенің мақсатына сай барлық құрылымының білім берудің нәтижелеріне, ұжымды дамытуға бағдарлылығы алғашқы деңгейі ретінде анықталды. Бұл кӛрсеткіш қажеттікті анықтауға, тиімді шешімдер қабылдаудың жеткіліксіз деңгейін, ұжымды дамытудағы мақсаттар бірлігі болмауын, жүйедегі қызметтік және құрылымдық компоненттердің
инновациялық ӛзгерістерге икемділігін қамтамасыз ету, ӛзін- ӛзі дамытуды тиімді ұйымдастыруға басқарушылардың ынтасы тӛмендегін кӛрсетеді. Сонымен қатар, жүйе құрылымдарында жобалар түріндегі бірлескен әрекеттердің, ӛзара қолдаушылық қарым қатынастың, тұрақты шығармашылық ахуалдың болмауы, жүйелі басқарудағы компонеттердің бірлігі мен білім беру ұйымы нәтижелілігінің арасындағы байланыстарды байқай алмаушылық та осы деңгейдің айқын кӛрінісін білдіреді.