Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет44/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

Осылайша, педагогикалық жобалауға дайындық барысында:

  1. Жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы мәселенің пайда болуы мен сипаттамасы жасалады;

  2. Мәселені шешудің түрлі жолдары қажетті ресурстар және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан қаралады;

  3. Мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолдар жоба ретінде таңдалады;

  4. Жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдық- техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттары мен ресурстары анықталады.

Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру аясы шектелуі керек, ол үшін мәселеге қатысы бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу себептерін анықтау қажет.
Талдау пәнінде қарастырылатын педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды.
Бұнда бастапқы кезең талаптарына сай жобалау жұмысы кіші жүйе құрылымының ӛкілдерінен құрылған шығармашылық топтар құрудан басталып, педагогикалық ұжымды инновациялық дамытуды жобалау алды зерттеулер мен қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жұмыстың қажеттігін анықтап, жобаның тұжырымдамасын құрастырды.
Нақты жобадан мысал. Тақырыбы: Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды жобалау. Қысқаша тұжырымдамасы: Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту ондағы педагогтардың инновациялық ӛзгерістерді қабылдауға, жүзеге асыруға, нәтижелерін талдай, бағалай білуіне байланысты. Сондықтан, педагогикалық жүйелерді дамытудың маңызды факторының бірі–ондағы адам ресурстары ретіндегі педагогтардың инновациялық мүмкіндігінің жеткілікті деңгейде болуы. Педагогикалық ұжымның инновациялық деңгейі оның жаңа идеялар мен жобаларды, инновациялық технологияларды жүзеге асыру мүмкіндігінен кӛрінеді. Осыған сай, білім беру ұйымдарының жүйелі ӛзгерістерін жүзеге асыру үшін ондағы педагогтардың инновациялық мүмкіндерін арнайы дамыту қажет.
Тәжірибеде орын алған түрлі жаңа бағыттардың ішінен педагогикалық жүйелердің жаңа ӛзгерістерін қамтамасыз ете алатын негізгі бағыт, жүйенің адам ресурстарын дамыту болып табылады. Соған орай, педагогтарды инновациялық дамыту жүйенің жаңа ӛзгерістерін қамтамасыз ететін жүйеқұраушы элементі бола алады және осы бағыттағы инновациялық жобаны жүзеге асыру ұжымның одан кейінгі даму сатыларында ӛтуге мүмкіндік береді».
Одан әрі ұсынылған мәселені шешуде бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтіні негізделеді немесе жаңа жағдайлар туындағаны нақтыланады. Осыдан соң, жаңа жағдайларға сай ӛзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықталып, жобалау технологиясының келесі кезеңіне ӛтеді.
Осылайша, педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасын жүзеге асыру жолдары белгіленеді.
Педагогикалық ұжымның бұл бағыттағы мәселелері мен оны шешу жолдарын, мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін айқындау нәтижесінде жобалау болжамы белгіленді.
Болжам бойынша, егер, педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жұмыстарының мазмұны, әдістері мен түрлері оның әрбір кезеңінің мақсатына сай педагогтардың жаңалықтарға кӛзқарасын дамыту, оларды қабылдай алуы мен жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру; ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі мен педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру; ӛзара қарым қатынастарын дамыту педагогикалық-психологиялық, ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту тиімді жүзеге асырылады.
Осы болжамға сай, ұжымның инновациялық ӛзгерістерге даярлық кӛрсеткіштері тӛмендегі сапалардан тұрады деп белгіленді:

  1. Педагогтардың жаңалықтарға кӛзқарасы, оларды қабылдай алуы;

  2. Жаңалықтарды меңгеруге және қолдануға даярлығы;

  3. Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі; 4) Педагогтардың шығармашылық белсенділігі; 5) Ӛзара қарым қатынастарының деңгейі.

Оны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңдері анықталып, күтілетін нәтижелері тӛмендегідей белгіленді:
Дайындау кезеңінде–педагогикалық ұжымның
инновациялық ӛзгерістерге мотивациялық даярлығы;
Ұйымдастыру кезеңінде – теориялық даярлығы;
Жүзеге асыру кезеңінде – тәжірибелік даярлығы;
Бақылау бағалау кезеңінде – күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердің сәйкестігін анықтау, сәйкестендіру.
Одан соң, шығармашылық топ әрбір кіші жүйе құрылымында талқыланған педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жобасын ұйымдастыру
бағдарламасын педагогикалық кеңеске ұсынып, бекітілген соң жүзеге асыру жұмысы басталды.
Жобалауды жүзеге асыру оны кезеңдерге бӛліп, және әр кезеңнің нәтижесін белгілеуді, соған сәйкес бақылап, бағалап отыруды қажет етеді. Осыған орай, барлық кезеңдерде дәстүрлі басқаруға тән емес ӛзгеше жұмыс түрлері пайдаланылады.
Жобалау арқылы педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту үшін, ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды. Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін арнайы семинарлар мен практикалық жұмыстың тәжірибелік алаңдары ретінде ұйымдастырылды. І. Дайындық кезеңі.
Мақсаты: педагогикалық ұжымды инновациялық ӛзгерістерге мотивациялық даярлығын қамтамасыз ету. Мазмұны:

  1. Педагогикалық ұжымның инновациялық ӛзгерістерге мотивациялық даярлық деңгейі диагностикалау.

  2. Ақпараттық база тӛмендегіше құрастырылады:

    • білім беру саласындағы жаңалықтар базасы жасалады;

    • тақырыптық семинарлар жүргізіледі, әдебиеттермен, жаңа әдістемелермен қамтамасыз етіледі;

    • педагогтарды ӛз мәселелері бойынша қалалық семинарларға, ашық сабақтарға, облыстық институттың курстары мен теориялық семинарларына жүйелі қатысуы ұйымдастырылады.

  3. Университеттен таңдалған ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен байланыс жасалып, оларды семинарларға тарту, инновациялар туралы ғылыми ақпараттармен танысу жүзеге асырылады.

  4. Инновациялық жаңалықтар мен технология түрлері педагогтардың қажеттіктері бойынша таңдалады.

  5. Педагогтар, сонымен қатар, ӛз пәндері бойынша білім алушылардың қажеттіктері бойынша ізденістік инновацияларды таңдауға да жағдай туғызылады.

  6. Жобаны жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілерді, сәйкессіздіктер мен кері нәтижелеріне болжау жасалады.

  7. Білім алушыларды, ата-аналарды жоба жұмысымен таныстырып, жұмысқа белсенді қатысуға мотивациялау жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет