Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Стандарттарды баяндауға қойылатын талаптар



бет28/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Стандарттарды баяндауға қойылатын талаптар
1. Стандарт мәтініне қойылатын талаптар
Стандарттың ерекшеліктері мен мазмұнына қарай талаптар мәтін, кесте, графикалық материал түрінде баяндалады. Стандарт мәтіні стандарты қолдану саласына сәйкес қолдануға қажетті және жеткілікті, қысқа, дәл, әртүрлі түсініктерге мүмкіндік бермейтін, логикалық тұрғыдан бірізді болуы керек. Стандартқа объективті әдіспен тексеруге болатын сипаттамалар және талаптарды ғана енгізу қажет.
Стандартта әрекет етуші заңнамалық актілер және стандарттармен тағайындалған терминдер, анықтамалар, белгілеулер және қысқартуларды қолданған жөн. Егер стандартта қабылданған терминдер, анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар басқа стандарттармен тағайындалмаса немесе бұл терминдердің бекітілген тәртіппен жаңа анықтамалары қабылданған болса, онда оларды стандарттың «Анықтамалар», «Белгіленулер» және қысқартулар құрылымдық элементерінде ресми ақпарат көздеріне (бар болған жағдайларда) сілтемелермен беріледі.
Стандарт мәтінінде міндетті талаптарды баяндауда «тиіс», «керек», «қажет», «үшін талап етіледі», «тек рұқсат етіледі», «болмайды», «рұқсат етілмейді», «тиіс емес» сөздерді қолданған жөн.
Ұсынылғанға жататын басқа талаптар мен ережелерді баяндауда «болуы мүмкін», «әдетте», «қажет болса», «болады», «мүмкін болса», «рұқсат етілуі мүмкін», «ұсынылады» және т.б. сөздерді қолданған жөн. Бұл жағдайда стандарт мәтінінде хабарлай айту түрін қолдануға болады, мысалы «қолданады», «көрсетеді» және т.с.с.
Шаманың ең үлкен және ең кіші мәнін келтіргенде «үлкен (кем) болмауы керек» сөз тіркесін қолдану керек. Стандартта көрсетілген нормалар мен талаптарда рұқсат етілген ауытқулар мәнін келтіргенде «үлкен (кем) болмауға тиіс» сөз тіркесін қолданады.
Мысалы:
1. Кальцийленген техникалық содадағы көміртекті натрийдің массалық үлесі 99,4% -дан кем болмауға тиіс.
2. Пластиктен жасалған жолақ пен плита төрт жағынан жұмыр кескінмен кесілуге тиіс. Кесім қиғаштығы 1 м ұзындығына 4 мм ден үлкен болмауы тиіс.
Өнімді берілген дәлдікпен жасау, қолдану және бақылау үшін қажет, стандартпен тағайындалатын шаманың сандық мәндері шекті ауытқуларымен берілуі немесе ең үлкен және (немесе) ең кіші мәндер түрінде берілуге тиіс.
Мысалы: ( 100+5) мм,
Сандық мәндерді пайызбен көрсеткенде былай жазылуы тиіс:
«73% дан 77% дейін» немесе (65+ 2)%» , (65+2%) осылай болмайды.
Материалдар мен заттардың физикалық константалары және қасиеттері туралы деректерді МСТ 8.310 стандартына сәйкес деректер категорияларын көрсетіп беру қажет. Рим сандарын тек бұйымның сортын (категориясын класын), химиялық элементтердің валенттігін, жылдың тоқсанын және т.б. көрсетуге қолдану керек. Рим сандары, араб сандарымен көрсетілген күндер және сандық сын есімдер септік жалғауынсыз болуы тиіс.
Есептеу және физикалық шаманың бірліктерін кестелерде белгіленуін, формулаға кіретін символдар мен сандық коэффициенттердің түсініктемесін, және мәтінде тек сандық мәндерде нүктесіз жазады. Мысалы: – 52 дана, 16 кг
Мәтіндегі есептеу мен физикалық шамалардың бірліктерінің, формулаға сандық мәндерінсіз кіретін символдар және формулаға кіретін сандық коэффициенттердің аттарын толығымен жазу керек. Мысалы – Ұзындығы миллиметрмен келтірілген.
Стандартта:

  • әңгімелік сөз бұрамдарын, техницизмдерді және кәсіптік сөздерді қолдануға;

  • бірдей ұғым үшін мағынасы жақын (синонимдер), түрлі ғылыми-техникалық терминдерді, содай-ақ қазақ, орыс тілдерінде мәндері теңдей сөздер мен терминдер бар болса, шетел сөздерін және терминдерді қолдануға;

  • еркін сөзқұрамдарын қолдануға;

  • қазақ және орыс тілдері орфографиясы ережелерімен, сәйкес стандарттармен тағайындалған және осы стандартта берілген қысқарту сөздерден басқаларды қолдануға рұқсат етілмейді.

Стандарт мәтінінде, формулаларды, кестелерді, суреттерді қоспағанда:

  • теріс шама мағыналарының алдында «-» математикалық белгісін қолдануға («алу» сөзін жазу керек);

  • диаметрді белгілеу үшін Ø белгісін қолдануға («диаметр» сөзін жазу керек. Өлшем санының алдына суреттерде өлшем мен шекті ауытқуларын көрсеткен кезде «Ø» белгісі жазылуға тиіс);

  • сандық мағыналарсыз математикалық белгілерді № және % белгілерін қолдануға, (Мәтінде (көп), (аз), (тең), «нөмір» және т.с.с. жазу керек) рұқсат етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет