Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет29/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Стандарт мәтінін бөлу. Стандарт мәтінін бөлімдерге бөлу керек. Бөлімдерді тармақтарға немесе бөлімшелер мен тармақтарға бөлуге болады. Тармақтар қажет болса, тармақшаларға бөлінеді. Стандарт мәтіні тармақтар мен тармақшаларға бөлінгенде, әрбір тармақ, тармақша аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдерді, бөлімшелерді, тармақтар мен тармақшаларды араб сандарымен нөмірлейді және азат жолдан бастап жазады. Бөлімдерге барлық мәтін шегінде қосымшаларды қоспағанда, реттік нөмірлер қойылуы тиіс.
Мысалы – 1, 2, 3, т.б.
Бөлім немесе тармақ бөлімінде нүктемен бөлінген бөлімше немесе тармақ нөмірі кіреді.
Мысалы – 1.1, 1.2 , 1.3, т.б.
Тармақша нөміріне нүктемен бөлінген бөлім, бөлімше, тармақ және тармақшаның реттік нөмірі кіреді.
Мысалы – 1.1.1.1, 1.1.1.2 , 1.1.1.3, т.б.
Стандарт мәтінінде бөлім, бөлімше, тармақ, тармақша нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Стандарт мәтінін тек тармақтарға бөлген кезде қосымшаларды қоспағанда, оларды барлық мәтін шегінде реттік нөмірлермен нөмірлеу қажет. Егер бөлімде, не бөлімшеде тек бір тармақ немесе тармақта бір тармақша болса, онда оны нөмірлемейді.
Тақырыптар. Стандарт мәтінінде бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары болуы тиіс. Тармақтарда, әдеттегідей, тақырыптар болмайды. Тақырыптар бөлімдердің, бөлімшелер мен тармақтардың мазмұнын анық және қысқа етіп көрсетуі тиіс. Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары азат жолдан, бас әріптен, аяғында нүктесіз, сызылмай басталуы тиіс. Егер тақырып екі сөйлемнен құралса, оны нүктемен бөледі. Стандарт жобасын дайындауда және стандартты басып шығарғанда бөлімдер мен бөлімшелер тақырыптары шрифтпен ажыратылуы тиіс.
Санамалау. Тармақ және тармақшалар ішінде санамалау (атап өтулер) келтірілуі мүмкін. Тізілімделудің әр позициясының алдында сызықша немесе стандарт мәтінінде тізімдеудің біреуіне сілтеме қажет болса, соңында жақшасы бар кіші әріп қояды. Атап өтуді ары қарай бөлшектеу үшін соңынан жақша қойылатын араб сандарын пайдалану қажет.
Тізілімдеудің соңына үтір нүкте немесе нүкте қояды. Әр жаңа позиция азат жолдан кіші немесе бас әріптен басталады.
Мысалдар

  1. Аспаптарда діріл келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:

«Нормативтік сілтемелер» элементінде аталып өтетін құжаттардың алдына сызықшалар, жақшасы бар әріптік белгілеулер және сандық белгілер қойылмайды. Санамалау соңына нүкте қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет