Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Берілістегі тісті дөңгелектердің түйісу түрлері



бет50/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Берілістегі тісті дөңгелектердің түйісу түрлері. Берілістің қызуы кезінде сыналану мүмкіндігін жою үшін, майлау сұйықтарына ағу жағдайларын қамтамасыз ету үшін және кері қимылда болатын өлі жүрісті шектеу үшін дөңгелектің бүйірлік саңылауы jп (түйіскен дөңгелектердің тістерінің жұмыс жасамайтын пішіні арасында) болуы керек. Бұл саңылау берілістің жасау және орнату қателігін өтемдеу үшін және жұмыс кезінде жұмыс жасамайтын пішінде пайда болатын соғуды жою үшін қажет.
Тісті берілістің шақтама жүйесі дөңгелек пен берілістің дәлдік дәрежесіне тәуелді емес, кепілдікпен берілетін бүйірлік саңылауды jп min (2.26-сурет) тағайындайды.

Түрлі өнеркәсіп талаптарын қанағаттандыру үшін, дөңгелектердің жасалу дәлдігі дәрежесіне тәуелді емес jп min, түрлі мәндерін анықтайтын, түйісудің 6 түрі қарастырылған. A, B, C, D, E, H түйіндесулерін 3-12, 3-11, 3-9, 3-8, 3-7, 3-7 бірқалыпты жұмыс нормалары үшін, сәйкес дәлдік дәрежесіне қолданады. Н түйіндесуі үшін саңылау нөлге тең, А үшін ең үлкен, В – жиі қолданады, өйткені ол дөңгелек пен тұрқының қызу температурасы айырмашылығы 25 0С келетін болат немесе шойын берілістерінің сыналану мүмкіндігін жоятын минималды бүйір саңылауын кепілдікпен береді.


I-ден VI-ке дейінгі рим сандарымен, кему ретімен белгіленетін ось аралық арақашықтық ауытқуының 6 класы тағайындалды. Әрбір түйіндесуде кепілденген бүйір саңылауы, ось аралық арақашықтық ауытқуының класымен қарастырылған ауытқулардың (Н және Е түйіндесулері үшін II клас, D, C, B, A түйіндесулері үшін – III, IV, V, VI сәйкес кластары) сақтаумен қамтамасыз етіледі. Түйіндесу түрлері және көрсетілген кластар сәйкестігін ауыстыруға болады.
Тісті дөңгелектердің дәлдік дәрежесін талдау. Дәлдік дәрежесін кинематикалық дәлдікке, бірқалыптылыққа, берілетін қуатқа, дөңгелектердің шеңберлік жылдамдығына қойылатын талаптарға байланысты тағайындайды. Мысалы, түзутісті дөңгелектердің 10-15 м/с шеңберлік жылдамдығында 6-7 клас, 20-40 м/с жылдамдықта 4-5 дәлдікті дөңгелектерді қолданады. Дәлдік дәрежесі есептеу жолымен анықталады. Дәлдік дәрежесін таңдауда осындай берілістерді пайдалану тәжірибесі ескеріледі және дәлдік нормаларын құрамалау принципін міндетті түрде қолдану, атап айтсақ нақты беріліс үшін, оның арналуына байланысты түрлі дәлдік дәрежесін: кинематикалық дәлдік нормасы бойынша, жұмыс жасау бірқалыптылығы және тістердің түйісуі бойынша тағайындайды. Дәлдік нормаларын құрамалау пайдалану процесінде дөңгелектің қажет параметрлеріне ғана жоғары дәлдік тағайындауға мүмкіндік береді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет