–
бҧл тауар қозғалысының ӛндірушіден тҧтынушыға
(сатып алушыға) жеткізілу жолы. Бӛлу каналдары тиімдірек болады, егер ол
тікелей байланыстармен ғана шектелмейді, делдалды қосу негізінде жҥргізілсе
(26-сурет).
Делдалды пайдалану ең алдымен, оның қызметінің жоғары тиімділігімен
анықталады. Оған тауар ӛндіруші кӛптеген жағдайда ӛзі қол жеткізе алмайды.
Делдалды «ӛндіруші-тҧтынушы» тізбегіне қосу арқылы тауардың барлық
тҧтынушылары ҥшін кеңейтілген қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар, делдал ӛндіруші тауарын мақсатты нарықтарға жеткізуді тиімді тҥрде
жҥргізе алады.
Тҧтынушы кӛзқарасы жағынан делдалдық - тауарды тиімді каналдар
арқылы жеткізіп, оның қажеттіліктерін мҥмкіндігінше тез және толығырақ
қамтамасыз етуге мҥмкіндік береді.
Делдалдықтың ең кеңінен таралған тҥрі агенттік болып табылады,
яғни
онда агент ӛндіруші мен тҧтынушы арасында делдал ретінде шығатын
қатынастар типі.
Агент – бҧл тауарды ӛндіруші немесе тҧтынушы мҥдделерін
қанағаттандыру мақсатында іс-әрекет ететін тҧлға. Агенттің мҥдделерді
қанағаттандырудағы іс-әрекет ететін тҧлғасы
принципал деп аталады.
Принцпипал ретінде агентке сатуды тапсыратын тауар иесі немесе агентке
сатып алуды тапсыратын тауар тҧтынушысы шығуы мҥмкін. Осылайша, агенттің
қатысуымен жҥргізілетін делдалдық екі немесе, ҥш субъекттің ӛзара
қатынастарынан тҧрады.
Агенттер бірнеше тҥрге бӛлінеді: ӛндірушілердің
агенттері; ӛткізу бойынша қҧзіретті агенттер; сатып алу бойынша агенттер.