Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет88/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

Екінші қағида: 
Қызметкерлерді лауазымдық қызметіне сәйкес қажетті 
ресурстармен (ақшалай, шикізаттық, материалдық және т.б.) тең дәрежеде 
қамтамасыз ету қажет.


142 
Ҥшінші қағида
кімнің және қай уақытта этикалық ҧстанымдарды бҧзғанына 
қарамастан, оны міндетті тҥрде тҥзету қажет.
Прогресс максимумы деп аталатын
 
тӛртінші қағидаға 
сәйкес, 
қызметкердің іс-әрекеттері мен қызметтік мінез-қҧлқы ҧйымның (немесе оның 
бӛлімшелерінің) дамуына септігін тигізсе, ол моральдық кӛзқарас тҧрғысынан 
емес, этикалық кӛзқарас тҧрғысынан танылады. 
Тӛртінші қағидалардың логикалық жалғасы 
бесінші қағида – 
прогресс 
минимумы қағидасы болып табылады. Егер қызметкердің немесе ҧйымның іс-
әрекеттері этикалық нормаларды бҧзбаса, олар жалпы этикалық болып 
табылады.
Алтыншы қағиданың
мәні, егер ҧйым қызметкерлері басқа ҧйымдардағы, 
аймақтардағы, елдердегі моральдық ҧстанымдарға, дәстҥрлерге және басқа да 
жағдайларға ҧстамдылықпен қараса ол этикалық ҧстанымдылық болып 
табылады.
Жетінші қағида
дара релятивизм (салыстырылымдық) мен этикалық 
релятивизмді жалпы адами этика талаптарымен алуан тҥрлі сәйкестендіруді 
ҧсынады.
Сегізінші қағидаға
іскерлік қатынастарда шешімдерді дайындау мен оны 
қабылдау кезінде дара және ҧжымдық бастама бірдей негізге алынады. 
Тоғызыншы қағида 
кез-келген қызметтік мәселелерді шешу барысында ӛз 
ойын айтудан қорықпау қажет деп есептелінеді. Бірақ, қызметкер ӛз ойын 
айтуда этикалық шектерден шықпауы керек.
Оныншы қағида
– қызметкерлерді кәсіби жҧмыстарын атқаруда және 
тапсырмалар беруде оларға ешқандай кҥштеу әдістерін пайдаланбау қажет. 
Он бірінші қағида 
– этикалық стандарттар ҧйым ӛміріне бірмезгілді 
бҧйрықпен емес, менеджерлер мен қатардағы қызметкерлер тарапынан ҥнемі 
және тҧрақты тҥрде жҥргізілуі қажет.
Он екінші қағида
– әсер ету жағдайына байланысты (ҧжымға, жеке 
қызметкерлерге, тҧтынушыларға және т.б.) оған қарсылық кӛрсететін кҥштер 
мен факторларды ескеру қажет. 
Он ҥшінші қағиданың 
мәні қызметкердің жауапкершілігіне, оның 
қҧзіреттілігіне, сенімді ақтау сияқты қасиеттеріне баса кӛңіл аудару.
Он тӛртінші қағида
келіспеушілікті, дауды болдырмауға барынша 
ҧмтылу. 
Он бесінші қағида
– басқалардың бостандығын шектемейтін еркіндік.
Он алтыншы қағиданы
септігін тигізу қағидасы деп айтуға болады. 
Қызметкер тек ӛзі ғана этиканы ҧстанбай, оны ӛз әріптестерінің де ҧстануына 
септігін тигізуі керек. 
Он жетінші қағида
бәсекелесіңді сынама деген ҧстаным. 
Бҧл жерде қағиданың мәні тек қана бәсекелесуші ҧйым туралы ғана емес, 
сонымен қатар «ішкі бәсекелес» - кәсіпорынның басқа бӛлім ҧжымымен де 
және әріптестер арасындағы бәсекелестер туралыда болып отыр. 
Іскерлік қатынас этикасының қағидалары кез-келген кәсіпорынның әрбір 
қызметкері ҥшін ӛзінің жеке этикалық жҥйесін жасап шығаруға негіз болуы 
керек.


143 
Қағидалар тізбегі қандай да бір ҧйым қызметінің ерекшеліктерін ескеру 
арқылы жалғаса береді. Кәсіби этика қағидалары да бар. 
Барлық кәсіптер ҥшін жалпы қағида келісілген мҥмкіндіктер шегінде 
жҧмыстың ең жоғары сапасы болып табылады. Корпоративті мҥдделерді 
тҧтынушы мҥдделеріне қарсы қоюды болдырмау қажет. 
Клиентке, сатып алушыға және т.б. кәсіби қызметтің объектісі емес, 
субъектісі ретінде қатынасудың, адамдарды еркінен тыс басқаруды, адамдарды 
алдауды болдырмаудың жалпыға бірдей талабы кӛптеген кәсіп тҥрлерінде 
«ақпараттандырылған келісу» қағидасы тҥсінігі ретінде қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет