140
Әңгіме барысында әңгімелесуші тҧлғаға сыйластықпен қарау, оның ойлары
мен қызығушылықтарына назар аудару кез-келген әңгімелесудің айнымас
бӛлігі болып табылады.
Әңгімелесушінің ескертулері, оның сізді белсенді тҥрде тыңдап
отырғандығын, сіздің сӛйлеуіңізді бақылап отырғандығын, сіздің дәлелдеріңізді
мҧқият
тексеріп, бәрін ой елегінен ӛткізіп отырғандығын білдіреді. Ескертулері
жоқ әңгімелесуші – ол ӛз ой-пікірі жоқ адам деп саналады. Сондықтан да
әңгімелесу барысында әңгімелесушінің ескертулері мен дәлелдерін, нәтижеге
жетудің кедергілері ретінде қарастырудың қажеті жоқ. Қайта олар әңгімелесуді
жеңілдетеді және сол арқылы істің мәні туралы не
ойлайтындығын байқауға
болады.
Ескертулердің келесідей тҥрлері бар
:
айтылмаған ескертулер, қате
тҥсініктер, кҥлкілі ескертулер, ақпарат алу мақсатындағы ескертулер, ӛзін
таныту мақсатындағы ескертулер,
субъективті ескертулер, қарсылық таныту
мақсатындағы ескертулер.
Оларды толығырақ қарастырайық. Ескертулердің себептері, оларға қалай
әсер ету керектігі ӛте маңызды роль атқарады.
Айтылмаған ескертулер.
Бҧл әңгімелесуші айтып ҥлгермейтін, айтқысы
келмейтін немесе айта алмайтын ескертулер. Сондықтан біз оларды ӛзіміз
анықтап, оның кері әсерін болдырмауымыз керек.
Қате тҥсініктер.
Олар әңгімелесуші кӛзқарасы
қате болған жағдайда,
ыңғайсыз ескертулерді тудыратын себептерге жатады. Оның ҧстанымының
эмоционалды негізі бар, сондықтан барлық логикалық аргументтер мҧнда
қажетсіз. Біз әңгімелесушінің аргументтері агрессивті тҧрғыдан негізделуінен
ерекше талаптар қойып, сӛйлесудің тек теріс жақтарын ғана кӛретінін
байқаймыз. Мҧндай ескертулердің себебі, сіздің тарабыңыздан дҧрыс емес
тәсіл, сізге деген антипатия, келеңсіз кӛріністер болып табылады. Демек,
сізге
әңгімелесушінің кӛзқарасы мен мотивтерін анықтап, ӛзара тҥсінушілікке келуге
ҧмтылу керек.
Достарыңызбен бөлісу: