Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет91/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

4. Ымыраға келе отырып шешім қабылдау әдісі 
Келіссӛздерге қатысушылар ымыраға келуге дайын болуы керек: әріптестің 
мҥдделері сәйкес келмеген жағдайда келісімге сатылы тҥрде келу керек. 
Ымыраға келу барысында әріптестер ӛзара келісімге келудің сәтсіздікке 
ҧшырауы мҥмкін жағдайда жаңа кӛзқарастарды ескере отырып, ӛз 
талаптарынан жартылай бас тартады (бір нәрседен бас тартады, жаңа 
ҧсыныстар қояды). 
Әріптес ҧстанымына жақындау ҥшін, ӛз мҥдделерін жҥзеге асыру 
барысында, ымыралық шешімнен туындайтын салдардың нәтижесін алдын-
ала ойластыру мен оған кӛнудің мҥмкін болатын шектерін сыни тҧрғыдан 
бағалау керек.
Ҧсынылған ымыралық шешім сіздің қҧзіретіңіздің аясынан асып тҥсетін 
жағдайлар болуы мҥмкін. Әріптеспен байланысты сақтап қалу мҥдделеріне 
қарай Сіз бірден шартты келісімге (мысалы, қҧзіретті басшының келісіміне 
сілтеуіңіз мҥмкін) баруыңызда мҥмкін. 
Екі тарап ҥшін де ӛз талаптарынан бас тарту арқылы тез келісімге келу ӛте 
қиын. Сонымен қатар, басталған жҧмыс ағымы бойынша әріптестер ӛз ойларын 
жҥзеге асыруға ҧмтылады. Мҧнда шыдамдылық, мотивация және 
келіссӛздерден шығатын барлық мҥмкіндіктерді пайдалану кезінде, мәселені 
жаңа дәлелдер мен тәсілдер кӛмегімен қарастыру қабілеті ӛте қажет. 
Ымыралық негіздегі келісім, келіссӛздердің ҥзілуі әріптестер ҥшін қолайсыз 
жағдай тудырғанда және келіссӛздердің жалпы мақсатына қол жеткізу қажет 
болған жағдайда жҥргізіледі. 
Келіссӛздерді жҥргізудің келтірілген әдістері жалпы сипатқа ие.Оларды 
жҥргізу барысында нақтылайтын бірқатар тәсілдер, әдістер мен қағидалар бар. 
1. Кездесу және байланыс орнату.
Сізге бірнеше адамнан тҧратын 
делегация емес, тек бір ғана әріптес келген жағдайда, оны вокзалда немесе 
аэропортта кҥтіп алып қонақҥйге орналастыру қажет. Келетін делегация 
басшысының деңгейіне байланысты оны қарсы алушы делегация басшысының 
ӛзі немесе жҥргізілетін келіссӛздің қатысушыларының бірі кҥтіп алуы мҥмкін. 


147 
Қарсы алу және байланыс орнату сатысы — тікелей, жеке іскерлік 
байланыстың басталуы. Бҧл келіссӛздердің жалпы, бірақ маңызды сатысы.
Қарсы алу процедурасы ӛте қысқа уақытты алады. Қарсы алудың 
еуропалық елдерде кеңінен таралған тҥрі – қол алысу, онда бірінші болып 
қолын кҥтіп алушы созады. 
Келіссӛздердің басталу сәтін кӛрсететін әңгіме ӛрісі қатысушыларды 
шаршатпайтын деңгейде ӛтуі тиіс. Аталған жағдайда, яғни қонақтарды қарсы 
алу кезінде емес, ҥстелге отырып келіссӛздер жҥргізудің барысында визит 
карточкаларын ҧсыну рәсімі жҥргізіледі. 
2. Келіссӛздерге қатысушылардың назарын ӛзіне аудару (келіссӛздердің 
іскерлік бӛлігінің басталуы). 
Ақпарат пайдалы болған жағдайда әріптесіңіз сізді 
мҧқият тыңдайды. Сондықтан да сіз әріптесіңізді қызығушылығын тудыруыңыз 
қажет. 
3. Ақпаратты беру.
Бҧл іс-әрекеттің мәні келіссӛздер барысында пайда 
болған қызығушылық негізінде әріптеске ҧсынылып отырған келісімнің 
тиімділігін кӛрсету, оны жҥзеге асыру, оған және оның ҧйымына әлеуметтік – 
экономикалық тиімділік әкелетіне кӛзін жеткізу.
4 Ҧсыныстарды жан – жақты тҥрде негіздеу (дәлелдеу).
Әріптеске 
ҧсынылған идеялар мен ҧсыныстар қызығушылық тудыруы мҥмкін және 
олардың мақсаттылығын да тҥсінуі мҥмкін. Бірақ, ол ӛз ҧйымында ҧсынылған 
идеялар мен ҧсыныстарды пайдалану мҥмкіндігі мен тиімділігін бірден кӛре 
алмауы мҥмкін. Сондықтан да іскерлік келіссӛздерді ӛткізу барысындағы
келесі қадам, қызығушылықтарды анықтау және кҥмәндарды жою 
(ескертулерді болдырмау, жоққа шығару) болып табылады.
Келіссӛздердің іскерлік бӛлігінің аяқталуы әріптестер мҥдделерін ескере 
отырып нақты шешімдер (шешім ымыралық негізде қабылданады) 
қабылдаумен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет