Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 Әлеуметтік  қамсыздандыру саласындағы құқықтық



Pdf көрінісі
бет102/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136
31.3 Әлеуметтік  қамсыздандыру саласындағы құқықтық 
қатынастардың ұғымы және олардың ерекшеліктері
Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі құқықтық қатынастар 
–  өздеріне  қатысты  емес  мән-жайлар  бойынша  әлеуметтік 
қорғауға мұқтаж азаматтардың қартайған, еңбекке қабілетсіз, 
өзге де табысы аз және әлеуметтік жағынан осал санаттарын 
материалдық жағынан қамтамасыз ету және әлеуметтік қызмет 
көрсету жөніндегі қатынас, мұнда азаматтарға зейнетақылық 
төлем, жәрдемақылар, өтемдер не әлеуметтік қызмет көрсетулер 
нысанында белгілі бір ақшалай төлемдер алуға субъективті құқық 
берілген, ал тиісті мемлекеттік немесе өзге де орган осындай 
төлемдерді  төлеуге  не  әлеуметтік  қызметтер  көрсетуге  заң 
жағынан міндетті болады.
 Әлеуметтік қамсыздандыру қатынастарын жіктеу негізіне 
алынған өлшемдерге байланысты былай бөлінеді:
1.Қамсыздандырудың жекелеген түрлері бойынша құқықтық 
қатынастар:
а) зейнетақылық (ынтымақтастық және жинақтау зейнетақы 
жүйелері);
б) жәрдемақылар мен өтемдік төлемдер бойынша (уақытша 
еңбекке  қабілетсіздік  бойынша  жәрдемақылар,  мемлекеттік 
әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар 
және т.б.);
в) әлеуметтік қызмет көрсету бойынша (мүгедектерді кәсіптік 
оқыту және еңбекке орналастыру);
2. Мерзімдер бойынша:
а)  белгісіз  мерзімге  қолданылатын  мерзімді  құқықтық 
қатынастар (зейнетақылық құқықтық  қатынастар, қаттар мен 
мүгедектерді интернат-үйлерде ұстау жөніндегі);
б) белгілі бір мерзімге қолданылатын мерзімді құқықтық 
қатынастар (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, асыраушы-
сынан айрылған жағдай бойынша, мүгедектік бойынша және т.б.);
в) міндетті бір мәрте орындаумен тоқтатылатын құқықтық 
қатынастар (біржолғы жәрдемақы, протездеу);
 3. Заңдық фактілерді анықтау және дауларды қарау жөніндегі 
іс жүргізу құқықтық қатынастары.
Әлеуметтік-қамтамасыз  ету  құқықтық  қатынастарының 
ерекшелігі сол, олар, әдетте, мынадай күрделі заңдық құқықтан 
туындайды:


311
– заңдық фактілер (зейнеткерлік жас, еңбекке қабілетсіздік, 
асыраушысынан айырылу және т.б.);
 –  оған ие адамның өз қалауын білдіруі;
  –  құзіретті  органның  қамсыздандыру  түрін  тағайындау 
туралы актісі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет