Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ,МІНДЕТТЕРІ МЕН



Pdf көрінісі
бет103/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   136
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ,МІНДЕТТЕРІ МЕН 
ПРИНЦИПТЕРІ
32.1. Қылмыстық құқықтың ұғымы
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық  құқығы  –  ҚР 
құқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы.Ол 
негізінен,мемлекет,егер орындамаса, өзінің жазалайтынын алға 
тарта отырып, бекіткен және санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді 
жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығын құрайды.
Қылмыстық  құқықтың  реттеу  аясына  мемлекеттік  және 
қоғамдық құрылыс меншік жеке адам құқықтық тәртіп қоршаған 
орта және тағы басқа сияқты сан салалы қоғамдық қатынастар, 
соның ішінде, басқа құқық салалаларымен реттелетіндері де 
кіреді.
Қылмыстық  құқықты  басқа  құқық  салаларынан  даралап 
алуға оның реттеу пәні,яғни қылмыс жасауға және оған белгілі 
бір жазалар қолдануға байланысты туатын қоғамдық қатынастар 
негіз болады. 
Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттер қылмыс 
болып табылатынын анықтап оларға жаза бекітеді.
Қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтың жауапты-
лықпен жазадан босатудың талаптарымен негіздерін, қылмыстық 
жазаны іске асыруда, қылмысқа қарсы күреспен оның алдын 
алуда қоғамдық ұйымдармен бірлестіктердің қатысу нысандарын 
реттейді.
Қылмыстық құқық пәнінің үш түрлі бағытта шоғырлан-
ғандығын байқауға болады: реттеуші, қорғаушы, қылмыстың 
алдын алушы қоғамдық қатынастар. 
Қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыс жасаған уақытта 
оны  жасаушы  адаммен  мемлекет  атынан  әрекет  ететін  оның 
органдары(анықтау, тергеу, сот, прокуратура органдары) арасында 


312
пайда болып қылмыстық жауаптылықты толығымен іске асырған 
сәтінде аяқталады.
Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстық құқықтық 
нормаларды  бұзғаны  үшін  міндетті  түрде  қылмыстық  жаза 
қолданылатындығымен сипатталады. 
Қылмыстық  құқықтың  барлық  нормалары  екіге,  Жалпы 
және  Ерекше  бөлімге  бөлінеді.  Жалпы  бөлім  қыылмыстық 
жауаптылықтың  негіздерін,  міндеттері  мен  принциптерін, 
жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау 
тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды 
қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орын-
далуын  кейінге  қалдыруды  реттейтін  институттарды  орнық-
тыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісіне 
қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктердің  қатысу  нысандарын 
көрсететін нормалардан тұрады.
Сонымен  қатар,  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық 
жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, сотты-
лықты  жою  мен  алып  тастау  шарттары  да  Жалпы  бөліммен 
реттеледі.
Жалпы  бөлімнің  нормалары  өзара  да,  ерекше  бөлімнің 
нормаларымен де тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза 
түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген 
қылмыстарға сипаттама береді.
Құқық саласы ретіндегі қылмыстық құқық ғылымы өзгеше. 
Ол-қылмыстық құқықтық идеялар мен көзқарастардың, қылмыс 
пен  жаза  және  олармен  байланысты  институттар  аясындағы 
пікірлер мен ойлардың жүйесі. Қылмыстық құқықтық ғылымы 
қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен белгілерін, мазмұнын 
аша түседі. Қылмыс құрамының, сондай-ақ істің қоғамға қауіптілігі 
мен  заңға  қайшылығын  жоятын  мән-жайлардың  түсінігін 
беріп, белгіліерін зерттейді, алдын ала жасалған қылмыстық 
әрекеттер үшін қылмысқа қатысушылық үшін жауапкершіліктің 
теориялық негізін жасайды, қылмыстың көптігіне түсінік беріп, 
оны топтастырады.
Қылмыстық құқықтық жазаны реттей отырып, оның мазмұны 
мен мақсатын анықтайды, жазаның жекелеген түрлеріне, оларды 
тағайындау тәртібі мен негіздеріне талдау жасайды.


313
 Қылмыстық құқық ғылымында жазадан босату және жаза 
мен жауапкершілікті қоғамдық әкімшілік шараларымен алмастыру 
мәселелері қомақты орын алады. Осы орайда тек қылмыстық заң 
ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі де зерттеледі. 
Қылмыстық  заң  мен  құқық  қолданудағы  кемшілік  тұстары 
анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады. 
Қылмыстық  құқықтық  ғылымы  өз  пәнін  зерттеу  барысында 
диалектиканың негізгі әдістеріне ғана емес сондай-ақ жүйелік 
логикалық-құрылымдық,  салыстырмалы-құқықтанушылық, 
нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу әдістеріне жүгінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет