Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ



Pdf көрінісі
бет100/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   136
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ
31.1 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы 
және пәні.Әлеуметтік  қамсыздандырудың түрлері.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы – еңбекке қабілетсіз 
азаматтарға  материалдық  және  әлеуметтік  қызмет  көрсету 
саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты 
заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс 
жүргізу қатынастарын реттейтін құқық саласы.
Зейнетақылар,  жәрдемақылар,  жеңілдіктер  және  алуан 
түрлі  қызметтер  көрсету  мен  бағып-күтудің  нақты  түрлері 
әлеуметтік қамсыздандыру түрлері болып табылады. Әлеуметтік 
қамсыздандыру  түрлерінің  алуан  түрлілігі  әлеуметтік 
қамсыздандыру  құқығын  мемлекеттік  бюджеттен  тікелей 
қаржы  бөлу  есебінен  мемлекеттік  органдардың  қарттар  мен 
жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып 


309
қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азамат-
тарды  қартайғанда  және  еңбекке  қабілетсіз  болған  жағдайда 
қамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, 
азаматтарды сауықтырудың, профилактикадан өткізудің және 
олардың  еңбек  қабілеттілігін  қалпына  келтірудің  маңызды 
құралдары  ретінде  медициналық  қызмет  көрсетумен  және 
емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп немесе қолдап отырған 
белгілі бір әлеуметтік-экономикалық шаралардың жиынтығын 
сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет