Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет99/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

26.2. Жалақы жүйесі
Еңбекке ақы төлеу жүйесі – жұмсалған еңбек пен есептелген 
жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі. Жалақының 
негізгі жүйелеріне – мерзімді және кесімді жүйе жатады.
Еңбекке  мерзімді  ақы  төлеу  кезінде  оның  ақысы  іс 
жүзінде жұмыс істелген уақыт пен оның тарифтік ставкасына 
(айлықақысына)  байланысты  болады.  Тарифтік  ставка  тиісті 
разрядтағы (біліктіліктегі) қызметкердің уақыт өлшемі ішіндегі 
еңбекке  ақы  төлеу  мөлшерін  білдіреді.  Тарифтік  ставкалар 
сағаттық,  күндік  және  айлық  ставкалар  болуы  мүмкін. 
Қызметкердің айлық тарифтік ставкасы айлықақы деп аталады. 
Әдетте,  неғұрлым  жоғары  біліктілік  үшін  неғұрлым  жоғары 
разряд белгіленеді және тиісінше тарифтік ставкалар разрядтың 
өсуіне қарай ұлғая түседі.
Түрлі разрядтардың тарифтік ставкаларының арақатынасы 
әрбір  разрядқа  қарсы  тұрған  және  осы  разрядтың  тарифтік 
ставкасы бірінші разрядтың тарифтік ставкасынан қанша есе 


308
көбірек екенін көрсететін тарифтік коэффициенттің көмегімен 
тарифтік кестеде анықталады.
Тарифтік ставкалар, кестелер, тарифтік біліктілік анықта-
малықтары  тарифтік  жүйенің  элементтерін  құрайды.  Енді 
міндетті қолданылуға тиісті ретінде тарифтік жүйе бюджеттен 
қаржыландырылатын экономика салаларында ғана қолданылады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы 
№170 қаулысымен осы саладағы қызметкерлер үшін 21 разрядтан 
тұратын Бірыңғай тарифтік кесте бекітілген.
Мерзімдік жүйе әдетте қызметкердің жеке өнімін ескеру 
қиын жерлерде қолданылады.
   Кесімді жүйе – дайындалған бұйымдар немесе жасалған 
операциялар санына сәйкес кесімді бағалар бойынша қызметкердің 
еңбегіне ақы төлеу жүйесі.
Кесімді баға – дайындалған өнімнің бір өлшемі үшін немесе 
белгілі бір операцияны орындағаны үшін төленетін ақы мөлшері.
Еңбекке ақы төлеудің мерзімді де, кесімді де жүйесі еңбектің 
сыйлықақы жүйесімен толықтырылуы мүмкін, ол ынталандырушы 
роль атқарады және ондай жағдайда бұл жүйелер не мерзімді-
сыйлықақылы, не кесімді-сыйлықақылы жүйе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет