31.2 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының принциптері Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі принциптеріне
мыналар жатады:
1. Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі.
2. Оның түрлерінің жан-жақтылығы және алуан түрлілігі.
3. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқығын
қорғау.
4. Мемлекеттік бюджет және өзге де түсімдер есебінен
қамсыздандыру.
5. Еңбек үлесінің мөлшеріне, мұқтаждық себептеріне
және өзге де әлеуметтік маңызы бар факторларға байланысты
әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен деңгейін саралау.
6. Еңбекке қабілетті жастағы әрбір азаматтың зейнетақыны
жинақтауды қалыптастыруға міндетті түрде қатысуы.
7. Әрбір азаматтың ерікті қосымша зейнетақылық
қамсыздандыруға құқығы.
Аталған принциптерді жүзеге асыру өзін әлеуметтік мемлекет
деп жариялаған Қазақстан секілді (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабы) кез келген мемлекеттің әлеуметтік
саясатының кемелділігі мен экономикалық жағынан дамығандығын
айғақтайды.