Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет108/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136
32.3  Қылмыстың обьектісі
Қылмыс обьектісі қылмыс құрамының міндетті элементтерінің 
біреуі(бір тағаны). Обьектісіз қылмыс болуы мүмкін емес. Кез – 
келген қылмыс белгілі бір қорғалатын обьектіге қол сұғады,яғни 
не нәрсеге қол сұғылса, сол қылмыс обьектісі болып табылады. 
Қылмыс обьектісі дегеніміз – теоретиктердің пікірі бойынша, 


321
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Ол – жалпы 
қатынастардың (барлық құбылыстардың байланыс сәті) бір түрі.
Қоғамдық қатынас сипаты бойынша да күрделі құбылыс. 
Оның негізгі элементтері есебінде қоғам, мемлекет және оның 
құрылымдары өкілдері; әр – түрлі бірлестіктер мен ұжымдар, жеке 
адамдар, материялдық дүниенің заттары,әр – түрлі нысанда да 
көрініс табатын  қоғамдық қатынастарға қатысушылар арсындағы 
өзара байланыс.
Қылмыс жасаушы осы элементтердің біріне қол сұғады, 
қатынасқа  түсушілердің  мүддесіне  тікелей  не  жанама  зиян 
келтіріп, қатынас элементтерінің арасындағы өзара байланысты 
бұзады.
Қылмыс обьектісін қылмыстық-құқықтық реттеу белгісін 
ажырата  білген  абзал.  Соңғысы  мемлекет  атынан  сөйлейтін 
оның органдарымен есі дұрыс, белгілі жасқа жеткен адамның 
арасында қылмыс жасау кезінде туатын қатынастар.
Қылмыс обьектісінің түрлері: жалпы, біртектес және тікелей 
обьектілер.  Жалпы  обьект  дегеніміз,  қылмыстық  құқықпен 
қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Арнайы  обьект  белгілі  бір  саладагы  біртектес  туысқан 
қоғамдық қатынастардың жиынтығын құрайды.
Тікелей обьект деп, қылмыстың әрекет арқылы қол сұғылатын 
нақты қоғамдық қатынасты танысақ, бұл анықтаманың ақсап 
тұрғандығын аңғару қиын емес. Ал нақты қоғамдық қатынастарды 
айтсақ, онда біртектес обьектіден айырмашылық болмай қалар 
еді. Сондықтан, тікелей обьекті ретінде қоғамдық қатынастардың 
ішкі өзегі олардың нақты көрінісі мүддені алса, ойық жердің 
орны толып, жаңсақ пікірге жол берілмейді.
Мүдде – бұл да қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты көрінісі. 
Мүдде мен оның иелерінің арасындағы қатынассыз қоғамдық 
қатынас жоқ, бола да алмайды. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы 
қатынастар арасындағы әр – қилы байланыстарды бейнелейді. 
Бұл байланыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың не жекелеген 
адамдардың мүддесін бейнелейтін материялдық  (өндірістік), 
адамгершілік эстетикалық, құқықтық т.б.да сипат алуы мүмкін.
Жеке  адам  бұл  тұрғыда  қоғамдық    қатынастардың  бір 
материялдық субстраты болып табылады.
Қоғамдық қатынас(мүдде) туралы айтқанда мүдденің иесіне 
қатысты тұрғысынан  қарау керек.


322
Мүдденің  тек  иесі  ғана  емес,  олардың  субьектілердің 
арасындағы байланыстың (қатынастың) қозғаушысы болатын 
мүдденің ішкі обьектісі (материялдық немесе рухани  әлеуметтік 
құнды игілік) де бар.
Сонымен, тікелей обьект дегеніміз қылмыстық құқықпен 
қорғалатын нақты мүдде(игілік). Ал арнайы біртектес обьекті 
деп біртектес мүдделерді табуға болады. Олардың ерекшелігі бұл 
қылмыстардың негізінде жатқан мүдделер сипаты мен мазмұны 
бойынша тегі бір болып келеді
ҚК құрылысы осы бір тектес обьектілерге тікелей байланысты 
болмақ. ҚК   әрбір тарауында қорғалатын мүдделермен біртектес 
обьектілер  бойынша  шоғырланған.  Кейде  қылмыстық  заң 
туысқан мүдделерді көрсетіп қана қоймай, мүдде субьектілеріне 
байланысты  немесе  ерекше  бір  мүдделерге  байланысты  да 
нормаларды да бір тарауға шоғырландырады. Мысалы,жеке адамға 
қылмыстардың ішінен белгілі бір адамдар санаты бойынша да 
(кәмелетке толмағандарға, әйелдерге, сырқат адамдарға қарсы 
қылмыстар қылмыстары қатарынан арнайы бір мүддені (айталық, 
мүліктік  немесе  жеке  мүддеге  қарсы)  қамтитын  іргесі  бөлек 
тарау бөлуі де ғажап емес.
Қылмыстық құқықтық нормаларды жүйелеумен кодифи-
кациялау да, жоғарыда айтқанымыздай, обьектінің құндылығымен 
белгілеріне байланысты.
Сонымен, жоғарыда шолудан байқағанымыздай, қылмыстың 
жалпы  обьектісін  қылмыстық  құқықпен  қорғалатын  және 
қылмыстық әрекет арқылы қол сұғылатын мүдделердің жиынтығы 
деп айтуға болады. Мұндай кесімді кейбір авторлардан мыс, 
А.Наумовтан кездестіруге болады.
Обьектілерді төрт сатылы топтастыру да ұшырасады. Олар 
біртектес обьектінің ішінен бір – біріне етене жақын мүдделердің 
тікелей обьектілердің – басын біріктіретін біртүрлік обьектіні 
бөліп алады. Мысалы, жеке адамға қарсы қылмыстар біртекті 
обьектісі  болса,  соның  ішінен  адам  өміріне,  денсаулығына, 
конституциялық  құқықтары  мен  бостандықтарына  қарсы 
қылмыстардағы  қорғалатын  мүдделер  біртүрлік  обьектінің 
қызметін атқарады.
Негізінен,  әрбір  қылмыс  тек  бір  ғана  тікелей  обьектіге 
қол  сұғады,бірақ  кей  жағдайда  екі  обьектіге  де  қол  сұғатын 
кездері кездеседі. Ондай кездері тікелей обьектіні екіге бөлу 


323
керек  негізгі  және  қосымша  обьект.Олай  болуы  обьектінің 
құндылығына байланысты емес,біртектес обьектіге қатысына 
байланысты.  Мысалы,қарақшылыққа  (179-бап)  адам  меншігі 
мен өміріне (не денсаулығына) қауіп төнеді. Өмір (денсаулық) 
құнды бола тұрса да, қарақшылық меншікке қарсы қылмыстарға 
жатпайтындықтан  негізгі  обьект  болып  адам  өміріне  немесе 
денсаулығына байланысты мүдделер табылады.
Қосымша обьектінің екі түрі бар: қажетті және факультативті. 
Қылмыс  жасау  кезінде  негізгі  обьектімен  бірге  зиян  келетін 
немесе келу қаупі туатын обьектіні қосалқы обьект деп атаймыз. 
Мысалы,  бұзақылық,  қоғамдық  тәртіп    негізгі    қол  сұғылуы 
мүмкін жеке адам мүддесі (қосалқы қосымша обьект). Қылмыс 
обьектісінен қылмыс затын айыра білген ләзім. Бұл ретте қылмыс 
жасаушы белгілі бір обьектіге қол сұға отырып тікелей ықпал 
ететін материялдық дүниенің заттары болып табылады.
Мысалы, автокөлікті ұрлау кезінде автокөлік қылмыс заты 
болады да,қылмыс обьектісі – иесінің автокөлікке меншік құқығы. 
Қылмыс жасау кезінде меншікке  зиян келтіргенімен, қылмыс 
заты ондай зардапқа ұшырамауыда мүмкін.
Қылмыс затының материялдық көрініс табуы қатып қалған 
қағида емес,ол дерексіз, абстракциялық болуыда мүмкін. Тоқсан 
ауыз сөздің тобықтай түйіні – қылмыс заты барлық обьектілердің 
қажетті элементі болып табылады.
Қылмыс затын, сондай-ақ, қылмыс қаруы немесе қылмыс 
құралымен шатастыруға болмайды.Мысалы,автокөлік ұрласа 
ол қылмыс заты болып табылады. 
Ал,егер,  дәл  сол  автокөлікпен  жолда  біреудің  сиырын 
жымқырып кетсе, екінші қылмыста сиыр – қылмыс заты болып 
,автокөлік қылмыс құралына айналады. Дәл сол сияқты атыс 
қаруын ұрласа, ол -–қылмыс заты да омен адам өлтірсе қылмыс 
қаруы болмақ.
Айталық адам 27-наурызда туған күні он төрт жасқа толғанын 
тойлап жүріп,жоғарыдағы қылмыстардың бірін жасады. Бірақ 
ол әлі қылмыстық жауапқа тартылмайды қылмыстық жауапқа 
келесі күннен бастап қана басталады.
Кәмелетке  толмаған  адам  жоғарыда  көрсетілген  жасқа 
жеткенімен  психиканың  бұзылуына  емес,артта  қалуының 
салдарынан  қылмыс  жасау  кезіндегі  әрекет  сипаты  мен 
қоғамға қауіптілігін толығымен түсіне алмаса не оған ие бола 
алмаса,қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес.


324
Бұған дейін аталып өткен белгілер барлық субьектілерге тән.
Одан басқа да екінің бірі субьект бола алмайтын қылмыс 
құрамдары да бар. Оларды жасаушылар – арнайы субьект деп 
саналады. Оның өзгеше арнайылығы әртүрлі белгілер бойынша 
болуы мүмкін. Мысалы:
Азаматтығына байланысты: мемлекеттік опасыздық, тек ҚР 
азаматы,шпионаж- тек шет ел азаматы, не азаматтығы жоқ адам.
Жынысына байланысты: зорлау – тек ер адам, жаңа туған 
баланы анасының өлтіруі, тек әйел адам.
Жас  шамасына  байланысты:  кәмелеттік  жасқа  толмаған 
адамдарды қылмысқа тарту, тек кәмелетке толған адам.
Кәсіптік міндеті бойынша: медицина қызметкерінің кәсіптік 
міндеттерін тиісінше орындамауы – тек қана медицина қызметкері 
т.с.с.
Әскери міндетті, адам әскери қылмыстардың орындаушысы 
бола алады.
Бұдан  басқа  да  бірқатар  арнайы  субьект  жасай  алатын 
қылмыс құралдары бар. 
Жоғарыда есі дұрыстық есі дұрыс еместікті түсіну арқылы 
шығатынын айттық. Соңғысы екі критерийге байланысты сипат-
талады. Медициналық критерийге:
А. Созылмалы психикалық сырқат;
Б. Психикалық әрекеттің уақытша бұзылуы;
В. Кемақылдылық;
Г. Өзге дертке ұшырау;
Созылмалы психикалық аура асқыну  (шизофрения, эпилеп-
сия, т.б. ұласу) және ұзаққа созылу тенденциясымен сипатталатын 
жазылуы қиын сырқаттарды құрайды.
Психикалық әрекеттің уақытша бұзылуы кенеттен басталып 
тез дамып, жылдам өтуімен, сондай-ақ науқастың әдетте, сырқатта 
құлан таза айығуымен сипаталады(маскүнемдердің елесті ауруы, 
патологиялық мас болу, патологиялық эффект т.б.).
Кемақылдылық  (анаграфия) – ақыл – қабілетінің туысынан 
немесе ерте балалық шақта бұзылуы, әрі оның тұрақты төмендеуі, 
оның үш деңгейі бар.
Өзге  де  дертке  ұшырау  деп,  барлық  ауруды  емес  тек 
психикалық әрекеттің  бұзылуына  әкеп соғатын науқас түрлерін 
таниды. Мысалы, психопатияның кейбір түрлері, кей инфекциялық 
аурулар салдарынан (іш сүзегі, мидың ісінуі  т.б.) болған уақытша 
психиканың бұзылуы.


325
Құқықтық (психологиялық) критерий:
А. интеллектуалдық (яғни өз әрекетіне жауап бере алмау);
Ә. еріктілік(өз әрекетін басқара алмау
Өз әрекетіне жауап бермеу әрекеттің іс-жүзіндегі сипаты 
(қоғамға қауіптілікті сезіне алмау) түсінбеуді күрсетеді. 
Сирек  кездесетін  әрекеттің  іс-жүзіндегі  көре  тұра,  өзін 
бағындыра алмайды нашақордың наша іздеп ашығуы кезінде, не 
ұрламаса тұра алмайтын  (тіпті керексіз заттыда) клептомандардың 
әрекеттерінде ұшырасады.
Кісіні есі дұрыс деп тану үшін үшін құқықтық критерийден 
бір бөлігі жеткілікті.
Сонымен  қоса,  қылмыстық  заң  есі  дұрыс  еместіктің 
толық емес, шектелген түрін де қарастырады. Ол психиканың 
бұзылуынан  әрекеттің  әс-жүзіндегі  және  қоғамға  қауіпті 
сипатын толық көлемде ұғына алмауды не оған ие тартылады 
және ол жауапты жеңілдететін мән-жай есебінде ескеріліп оған 
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға 
негіз бола алады.
Қылмыста  алкогольді  ішімдіктер,  есірткі  т.б.  заттарды 
пайдаланып, мас күйінде жасаушылар жауаптылықтан босатыл-
майды, ол аз болса,бұндай жағдай жауаптылықты ауырлататын 
мән-жай болып табылады. Сот кей жағдайда ауырлататын мән-
жай деп танымауы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет