318
қайшы әрекет моральға да қарсы екенін алға тартып аталмыш
белгіні қылмыстың іргесі бөлек нысаны деп танымайды.
ҚР ҚК 9 – бабы қылмысқа:
“Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған,айыпты
қоғамдық қауіпті іс- әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып
табылады”,- деген анықтама береді.
Қылмыстарды сыныптау. ҚК 10- бабында көрсетілген қылмыс
сипаты мен дәрежесіне қарай 4 сипатқа (категорияға) бөлінеді:
онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр
қылмыстарға жіктеледі.
“жасағаны үшін осы кодексте көрсетілген ең ауыр жаза
екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана
жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы кодексте көр-
сетілген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс
деп танылады”.
Ал, егер қасақана жасалған әрекет үшін бес жылдан аспайтын
мерзімге, абайсызда жасалған әрекет үшін бес жылдан аспайтын
мерзімге бас бостандығынан айыру көзделсе, ол- ауырлығы
орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза он
екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана
жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы кодексте он екі жылдан астам мерзімге
бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы
көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп та-
нылады. (ҚК 10- бап).
Байқағанымыздай, қылмыстық заң қылмыс санаттарын жаза
түрінде соның ішінде бас бостандығынан айыруға байланысты
ажыратады екен.
Қылмыс санаттары Қасақана жасалған қылмыс Абайсызда
жасалған
қылмыс
Онша ауыр емес қылмыс Екі
жылдан аспайтын мерзімге
Бес
жылдан аспайтын мерзімге
Ауырлығы
орташа қылмыс
Бес жылдан аспайтын
мерзімге Бес
жылдан астам мерзімге
Ауыр қылмыс Он екі жылдан аспайтын мерзімге
Аса ауыр қылмыс Он екі жылдан астам мерзімге немесе
өлім
жазасына