Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет107/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   136
32.2.Қылмыстың құрамы
Қылмыс  құрамы  тек  бір  ғана  қылмыста  емес,  барлық 
қылмыста ұшырасатын белгілердің құрайды.
Обьективтік белгілердің жиынтығына қылмыстық заңмен 
қорғалатын  қоғамдық  қатынастар  (қылмыс  обьектісі)  және 
қоғамға қауіпті әрекет, зардап,  жасалу орны, уақыты т.б. сияқты 
қылмыстың сыртқы көріністері кіреді.
Ал субьективтік белгілердің жиынтығына қылмыс жасау-
шының белгілері (қылмыс субьектісі) және жасаушының әрекеті 
оны  зардапқа  техникалық  қатысын  көрсететін  (субьективтік 
жақ) белгілер енеді.
Қылмыс құрамының төрт элементі бар. Жоғарыда аталғандай 
белгілер осы төрт маңайында шоғырланады. Олар:
1.Қылмыс обьектісі;
2.Қылмыстың обьективтік жағы; 
3.Қылмыс субьектісі;
4.Қылмыстың субьективтік жағы;
Қылмыс құрамының белгілері қажетті және факультативті 
белгілер болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес элементтің қажетті 
және факультативті белгілері бар.
Қылмыс құрамының элементтері 
Қажетті белгілер 
Факультативті (қосалқы )белгілер
1.қылмыс обьектісі 
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас-тар 
Қосымша обьектіге байланысты қорғалатын қоғамдық қатынастар; 
қылмыс заты.
2.қылмыстың обьективтік жағы 
Қоғамға қарсы іс – әрекет немесе әрекетсіздік Қ о ғ а м ғ а 
қауіпті зардап, әрекет пен зардаптың арасындағы себепті бай-
ланысты; қылмыс жасалу жолы,уақыты, орны, жағдайы, құралы 
мен қаруы.
3.қылмыс субьектісі 
Есі дұрыс, жасы он алтыға (кей қылмыстар ушін он төртке)
толған адам  Арнайы субьектіні сипаттайтын белгілер;лауазымды 
адам; туыстық қатынасы бар; тек ер адам; тек әйел адам; тек 
ҚР азаматы т.б.


320
4қылмыстың субьективтік жағы Кінә (абайсыздық немесе 
қасақаналық)  Мотив мақсат,эмоциялық жағдай.
Кейде  қосалқы  белгілер  қылмыстық  жауаптылықты 
ауырлатуға  немесе  жеңілдетуге  бағыттайды.  Сол  себепті 
қылмыстық  құқық  теориясында  негізгі    қылмыс  құрамын, 
жауаптылықты ауырлататын мән- жайларымен берілген қылмыс 
құрамын және жауаптылықты жеңілдететін мән – жайлармен 
берілген қылмыс құрамын бөліп көрсетеді.
Белгілерді баяндау жолына байланысты қылмыс құрамы 
қарапайым (бір әрекет,бір обьект) және күрделі (қос обьектімен,қос 
әрекетпен, кінәнің қос нысанымен құрамға бөлінеді.)
Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалды 
және формальды құрам болып жіктеледі.
Материялды құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті 
зардаптың құрылуына байланысты болса, формальды құрамда 
зардапты тосып жатпай – ақ,қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың 
өзі қылмыстың аяқталмағандығын көрсетеді(мыс,қарақшылық 
179-бап,бандитизм 237-бап).
Қылмыс құрамының қылмысты дәрежелеу (квалификациялау) 
үшін де ойып алар орны бар. Қылмысты дәрежелеу дегеніміз – 
жасалған қоғамға қауіпті әрекет (қылмыс)белгілерінің ҚК ерекше 
бөлімінде нақты қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес келуі. 
Дұрыс дәрежелемеу заңдылықтың бұзылуына әкеп соқтырады.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін, біріншіден, қылмыстың 
нақты жайларын анықтау, екінші, тиісті қылмыс құрамының 
ешқандай  белгісін  назардан  тыс  қалдырмау,  үшіншіден, 
жоғарыдағы  белгілердің  толық  сәйкестігін  орнату  керек. 
Қылмысты дәрежелеу белгілі бір бапқа сілтеме жасау жолымен 
болады. Егер бап бөліктерден  яки тармақтардан тұрса, тиісті 
бөлікке немесе тармаққа сілтеме жасау керек.
   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет