36.2. Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер Экология саласында мамандар экологиялық жүйені –
жалпы аумақта тұратын және де жабық заттар айналымында
ұзақ өмір сүретін біртұтас организмдер жиынтығы ретінде
анықтады.Экологиялық жуйе бұл көп мағыналы түсінік ол табиғи
экожүйелерде және жасанды экожүйелерде де қолданылады.
Экологиялық жүйе – құрамдас компоненттерінің өзара
байланысының жабық жүйесі бар, белгілі биологиялық өндіру-
шілігі бар басқа да тұрақты экологиялық экожүйелермен өзара
байланысқан қоршаған ортаның табиғи саласы.
Рекриациялық және емдеу сауықтыру аймақтарында қор-
шаған ортаны қорғаудың маңызы өте зор.
Рекакциялық аймақтарға халықтың жалпы немесе ұйым-
дастырылған демалуына арналған жер және су кеңістігінің табиғи
учаскелері жатады.
Емдеу сауықтыру аумақтарына - адамдардың денсаулығына
сауықтыру мен емдеу арналған жер немесе су кеңістігінің аумағы
жатады. Бұған курорттық және санитарлық курорттар жатады.
Ғасырлар бойы зат алмасудың дұрыс жабық технологияны
иеленетін экологиялық жүйелердің арасындағы қарама қайшылық
және өндірістік жүйелер арасындағы қарама – қайшылық ақырғы
шегіне жетті. Оларға: Чернобыль, Арал, Балқаш және басқа
экологиялық аумақтар жатады.