Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық



Pdf көрінісі
бет120/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

36.6. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық 
механизмі  
Экономика мен экологияның қарама қайшылығы  -  қоршаған 
табиғи ортаның  қорғаудың негізгі проблемалары . Осы уақытқа 
дейін бұл проблемаларды  әкімшілік – құқықтық  әдістермен  
әсер  ету  тыйым  салу,  шектеулер  қылмыстық  және  әкімшілік 
жаза шараларын қолдану арқылы шешуге тырысқан. «Қоршаған 
ортаны қорғау туралы » заңда «Қоршаған ортаны қорғаудың 
эконономикалық мханизмі» деген тарау бар. Бұл тарауда қоршаған 
ортаны қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.
1)  Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау 
мен  қаржыландыру.  Қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  


346
шаралар болжамдық бағдарламалық – нысанды  құжаттар мен 
материалдарда ескеріледі. ҚР-ның әлеуметтік – экономикалық 
дамуын  индикативті  жоспарлаудың  жобаларына,  табиғат  
пайдаланудың  әртүрлі  бағыттары  жөніндегі    бағдарламалар 
мен тұжырымдамаларға енгізіледі.
2)   Табиғи ресурстарды   пайдаланғаны үшін ақы төлеу. 
Қоршаған ортаны ластанғаны үшін төленетін ақы ластайтын 
заттарды  шығарғаны  және  тастағаны,  өндіріс  пен  тұтыну 
қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдары мен азаматтардан 
алынады.
3)  Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу қоршаған 
ортаны ластағаны үшін ставкаларды  қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы  орталық  атқарушы  орган  мен  келісе  отырып 
облыстардың  әкімдері бекітіледі.
4)  Табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы 
төлеу. Табиғи ресурстартарды қорғау және толықтыру үшін ақы 
табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға 
жұмсалған бюджеттік шығыстардың орындарын толтыру өтемі 
ретінде алынады.
5)   Қоршаған ортаны қорғаудағы экономикалық жағынан 
ынталандыру.  Қоршаған  ортаны  қорғаудағы    экономикалық  
жағынан ынталандыру қоршаған ортаны тиімді жүзеге асыратын 
заңды тұлғалар.
6)  Экологиялық  сақтандыру.  Эклогиялық  сақтандыру 
қоршаған ортаның ластанудың және табиғи ресурстарды ұтымды 
пайдаланбаудың салаларынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары 
болған  жағдайда  сақтанушылар  өздеріне  сақтандырушылар 
төлейтін  сақтандыру  төлемдерінен  құралатын  ақша  қорлар 
есебінен,  сондай  –  ақ  заң  мен  тыйым  салынбаған  өзге  де 
көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы  заңды тұлғалар 
мен азаматтарды мұліктік жағынан қорғау  жөнінде қатынас 
болып табылады.
7)  Қоршаған ортаны қорғау қорлары. Қоршаған ортаны қорғау 
қорлары қоршаған ортаны қорғаудың шығу міндеттерін шешуді, 
қоршаған ортадағы шығынды қалпына келтіруді, келтірілген 
зиянды  өтеуді  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 
басқа да шараларды қаржыландыру үшін құралады. Қоршаған 
ортаны қорғау қорлары заңда тұлғалар  болып табылады, әрі 
мемлекеттік және қоғамдық қорлары болуы мүмкін. Қоршаған 


347
ортаны қорғаудың республикалық қоры жергілікті қорлардың 
аударған қаражаты есебінен құрылады.
Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорлары респу-
ликалық және жергілікті қорлар болып бөлінеді. Қоршаған ортаны 
қорғаудың  жергілікті  қорлары  қоршаған  ортаны  ластанғаны 
үшін ақы түрінде табиғат пайдаланушылардан түсетін залалды 
өтеу  туралы  талап  –  арыздар  бойынша  алынған  қаражаттан, 
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін салынған 
айыппұлдардың, аң мен балық аулаудың  тәркіленген құралдарын 
заңсыз алынған өнімді сатудан түскен қаражаттан, сондай – ақ 
Қазақстан Респуликасының заңдарына қайшы келмейтін өзге 
де түсімдерден құралады.
Мемлекеттік қорлар қызметі, олардың қаражатын пайдалану 
тәртібі қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы ережелер мен 
белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет