36.7. Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру
Келтірілген зиян туралы факті анықталса, онда экологиялық
жауаптылықтың туындауының жалпылама негізгі болып
табылады. Оның қоғамға қауіптілігінің ауырлығына байланысты
қылмыстық және әкімшілік жаза араларын айырып көрсетуге
болады. Сөйтіп, оның нормативтік дәрежесі келтірілген зиянға
байланысты құқықтық және құқықтық емес экономикалық
жауаптардың арсындағы шектеуліктерді анықтаушы құрал
ретінде қолданылады. Келтірілген жағдайлар бұл экологиялық
- экономикалық құбылысты құқықтық реттеу арқылы арнайы
қарау қажеттілігін туғызады.
Зиян – арнайы ұғым. Зиян экономикалық, экологиялық,
құқықтық, мемлекеттік, мемлекетаралық халықаралық т.б. болады.
Азаматтық заңдар бойынша зиян біртекті ұғым, ал залал және
шығын оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Табиғи ортаға келтірілген зиян нақты және болжамды
түрде болуы мүмкін. Мұндай шығындар залалдың нысаны
бойынша- нақты шығын, табиғи ортаны қалпына келтіруге
кеткен шығындар, алынбаған табыстар экологиялық шығындар
негізінде қарастырылады.
348
Қоршаған ортаға келтірілген зиян біздің өмір суріп отырған
табиғи ортаның азаюы және шығын түрінде - бұзылған табиғи
ортаны қалпына келтіруге кеткен шығындар, алынбаған табыстар,
экологиялық шығындарды да біріктіреді. Олар қоршаған ортаның
ластануынан, яғни халықтың денсаулығына қауіп төндіретін
ауаның, судың, жердің физикалық - химиялық құрамының
өзгеруінен, т.б. анықталынады.
Бірақ, табиғи ресурстарды ластанудан және ұтымды
пайдаланбауын мемлекетке зиян келтіру туралы ескі, дұрыс
емес терминологиялық айналымдар кездеседі.
Біріншіден қоршаған орта - мемлекеттік емес,адамның өмір
сүру құралы,тал мемлекет үшін оның мемлекеттік белгісі аумақ
болып табылады.
Екіншіден, мемлекет өндірістік құралдарын иелене отырып,
қоршаған ортаны тазартуға байланысты әрекеттер жасамай, тек
байып отырды, ол экологияға қауіп төндіретін жерлерде тиісті
кәсіпорындарды жабады. Мемлекетке емес, адамға, ол өмір
сүретін, жұмыс істейтін қоршаған ортаға зиян келтірілді және
келтіріліп жатыр. Керісінше, мемлекетке зиян тек сол экологиялық
зиянды өндіріс орындарын жапқан кезде ғана келтіріледі.
Экономикалық зиян табиғат ресурстарына экономикалық баға
беруден таныды. Ол табиғат пайдаланушының экономикалық
муддесіне қол сұғады.
Сөйтіп, ормандарда өрт қауіпсіздігінің ережелерің бұзғаның
нәтижесінде пайда болған экономикалық зиян: жанған тауар
ағаштарының бағасы, өрт кезінде жанып кеткен құрылыстардың
құны, өртті сөндіруге және аумақты тазартуға кеткен шығынды
қамтиды.
Экологиялық зиян экономикалық зиянмен өзара байланысты.
Оның екеуінің шығу қайнар көздері де, тәсілдеріде бірдей. Жалпы
ереже бойынша көріп отырғанымыздай экономикалық зиян
туындайды. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты
экологиялық зиянды арнайы қарастыру керек. Олар мыналар:
1) Өзінің шығуына байланысты ұзақ мерзімге созылуы
мумкін. Сондықтан да, экологиялық құқықтық жауаптылыққа
байланысты зиян келтірілгендігі туралы факт болса ғана
есептелінеді;
2) Экономикалық зияннан экологиялық зиянның бірден бір
ерекшелігі, ол қалпына келтірілетін немесе қалпына келтіру
349
қиын болып саналады. Экологиялық зиянды ақшалай бағалау
- бұл тек қана өңдеуге кеткен шығын емес, сонымен бірге
адамзат прогресінің құралы мен қалпына келтіру мүмкін емес
экономикалық шығындарды да есептеу.
Экологиялық зиянның ерекше түрі адамға, оның денсаулы-
ғына, болашаққа негативті әсер етумен келтірілген антропогендік
зиян болып табылады. Оның құрамы бойынша физиологиялық
және генетикалық зияндарды бөліп көрсетеді. Мұндай бөліп
көрсету, генетикалық зиян қайтарымсыз болғандықтан құқықтық
мағынаға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |