Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік



Pdf көрінісі
бет66/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

14.4  Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік 
органдары
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1997  жылғы 
5  қарашадағы  «Ұлттық  қауіпсіздікті  нығайту,    ұйымдасқан 
қылмыспен  және  сыбайлас  жемқорлықпен  күресті  одан  әрі 
күшейту шаралары туралы» Жарлығымен жемқорлықпен айла-
нысатын жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың, әскери 
қызметкерлердің, құқық қорғау органдары арнайы қызмет және 
сот  қызметкерлерінің,    сондай-ақ  контрабанда  және  есірткі 
бизнесімен  айналысатын  қылмыстық  қауымдастықтардың 
ұйымдасқан қылмысымен күресу өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік 
комитетіне берілді. Соның нәтижесінде  бұл органның  қылмыстық  
қудалауды жүзеге асыру  жөніндегі  өкілетті айтарлықтай кеңей-
тілді. Сонымен бірге сыртқы барлау функциясы Ұлттық қауіпсіздік 
комитетінің құзырынан алынды, мұның өзі ұлттық қауіпсіздік 
органдарын өзінің негізгі жағынан құқық  қорғау органдарына 
жақындатты. Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттеріне 
мыналар жатады:
Жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету саласында мемлекет саясатын жасауға  және 
оны іске асыруға қатысу;  
Шет мемлекеттердің  және жеке адамдардың   Қазақстан 
Республикасының аумағында  барлау және өзге де дұшпандық 
қызметпен айналысуын ашу және оған жол  бермеу бағытында 
жұмыс жүргізу;
Конституциялық  құрылысты  күшпен  өзгертуге,  шекара  
тұтастығын бұзуға және мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіруге 
бағытталған терроризмді және өзге де әрекеттерді ашу, алдын 
алу және олардың жолын қию;


225
Олардың қарауына жатқызылған қылмыстарды ашу, бол-
дырмау, әшкерелеу және тексеру.
Ұлттық  қауіпсіздік  органдарының  алдына  қойылған 
міндеттерді ойдағыдай шешуге  олардың кең өкілеттіктері бар. 
Мәселен, олардың мынандай құқықтары бар:
Неғұрлым  күрделі  қылмыстық    істер,  негізінен  алғанда 
ауыр  және  ерекше  ауыр  қылмыстық  істер  бойынша  (бұрын 
аталған, сондай-ақ, конституциялық құрылысқа және мемлекет 
қауіпсіздігіне қарсы терроризм, пираттық және басқа қылмыстарды 
қоспағанда) алдын ала тергеу жүргізу;
Кейбір жағдайларда, мәселен, эканомикалық контрабанда,  
айналымынан алынып тасталған заттар немесе- осы органдар 
қылмыстық іс қозғаған жағдайда- айналымы шектелген заттар 
контрабандасы  бойнша (біліктіліксіз  құрамдар) анықтау жүргізу; 
туралы» Жарлығында қарастырылған жедел іздестіру  шараларын  
жүргізу;
Қылмысты жасалуына  сезікті деп ұсталған, жолын кесу 
шарасы  ретінде тұтқындалған адамдар уақытша ұстайтын тергеу 
изоляторларының болуы;
  Әр түрлі салаларда сараптамалық- криминалистік зерттеулер 
жүргізу;
Арнайы күзетілетін объектілерге кіруге  тырысуға байла-
нысты әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған  адамдары әкімшілік 
қамауға алу;
Мемлекеттік жасырын сырлары, коммерциялық,  банктік 
және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтамасыз ету 
мәселесіне бақылау жасау, әдістемелік және практикалық көмек 
көрсету;
Заңмен белгіленген жағдайларда күш көрсету, сондай-ақ 
қару және арнайы құралдар қолдану.
Ұлттық қауіпсіздік органдары тікелей Қазақстан Респуб-
ликасының  Призидентіне бағындырылған. Олардың қызметі 
заңдылық, дара басшылық, баршаның Заң алдындағы теңдігі, 
адамзаттардың  құқығы мен бостандығын сыйлау және сақтау, 
саяси  партиялардың  және  өзге  де  қоғамдық  бірлестіктердің 
қызметінен тәуелсіз болу  принциптеріне сәйкес құрылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдар жүйесін Ұлттық қауіпсіздік 
комитеті, Комитетінің  обылыстық, республика қармағындағы 
қалалық,  астаналық    депертаменттері  (басқармалар),  оларға 


226
бағындырылған қалалық (аудандық) бөлімдері, барлау органдары, 
арнайы  жасақталған  бөлімшелері,    оқу  орындары,  ғылыми-
зерттеу  мекемелері  және  басқа  ұйымдары  құрайды.    Ұлттық 
қауіпсіздік    комитетін  Парламент  Сенатының  келісімімен  
Қазақстан  Республикасының Президенті тағайындайтын және  
қызметтен босататын Төраға басқарады. Оның орынбасарлары, 
қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес басқармалардан және 
бөлімдерден құралған аппараты болады. 
Ұлттық  қауіпсіздік  органдарының    кадырларына  әскери 
қызметкерлерін (жұмыскерлер), жұмысшылар және қызметкерлер  
құрайды.  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  қауіпсіздік 
органдарында қызмет етуге өз еркімен тілек білдірген, іскерлік 
және моральдық жағынан қабілетті, жасы, білімі  және денсаулығы  
жағынан өздеріне  жүктелген міндеттерді атқаруға  мүмкіндігі бар 
азаматтар әскери қызметкерлер бола алады. Ұлттық қауіпсіздік 
органдарында  қызмет ету, оқытушылық, ғылыми және өзге де 
шығармашылық қызметтерді қоспағанда депутаттық мандатпен, 
өзге де ақы төленетін  қызметті  атқарумен, кәсіпкерлік қызметті 
іске  асырумен,  коммерциялық  ұйымның  басшы    органына  
немесе бақылау кеңесіне кірумен сиыспайды. Сонымен қоса, 
бұл  органдардың  әскери  қызметкерлерінің  партияларға,  
кәсіподақтарға мүше болуына, қандай да бір саяси партияны  
қолдап сөз сөйленуіне құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет