Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары



Pdf көрінісі
бет67/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

14.5.Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
  
Ішкі  істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының 
Конституциясымен,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының  
ішкі істер органдары қоғамдық  тәртіп сақтау және қоғамдық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқығына, 
қоғам мүддесіне және мемлекетке  қылмыстық және өзгеде  заңға 
қарсы  қастандықтың алдын алу және  оған жол бермеу жөніндегі  
атқарушы және өкімдік функцияларды жүзеге асырады.
Ішкі істер  органдарының  негізгі міндеттеріне мыналар 
жатады:
Қоғамдық  тәртіпті  қорғау  және    қоғамдық  қауіпсіздікті  
қамтамасыз ету;


227
Қылмыстың  және өзгеде құқық бұзудың  алдын алу, айғақтау, 
кесу;
Қылмыстық  істер  бойынша  анықтауды  және    алдын  ала 
тергеу жүргізуді жүзеге асыру;
Әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу;
Қылмыстық және әкімшілік жазаларын орындау
Бас бостандығынан айырған және әкімшілік күзетпен  ұста-
ған жерлерде құқықтық  тәртіпті қамтамасыз ету және ерекше 
режимді сақтау;
Кәмелетке  толмағандардың  панасыздығын  және  құқық 
бұзуын айғақтау және болдырмау;
Жол қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бақылау 
жасау;
Төлқұжат және визалдық жұмыстарды іске асыру, шетел 
азаматтарының  және азаматтығы жоқ  адамдардың  Қазақстан 
аумағында болу ережелерін   сақтауына бақылау жасау;
Заң белгілеген   басқа да міндеттер;
Ішкі істер  органдарының  қызметі жалпы  құқыққорғау 
қызметіне тән мынандай  принциптерге құрылған:
Заңдылық, дара басшылық, біржүйелілік, жариялық, басқа 
құқыққорғау органдарымен өз ара қарым-қатынас,   ұйымдары 
мен және азаматтармен бірлесіп қызмет істеу.
Ішкі істер  органдарының жүйесін Қазақстан  Республикасының  
Ішкі істер министрлігі,  оның құрамына  кіретін депертаменттер  
және өзге де  құрылымдық бөлімшелер, оған бағындырылған 
облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың және 
республика  астанасының  ішкі  істер  басқармалары,  көліктегі 
қалалық, аудандық, қалалардағы ауандық,поселкелік, жол ішкі 
істер  органары,    мекемелер  және  басқа  ұйымдар  құрайды. 
Бүкіл жүйені ішкі істер министрі басқарады, ол әрі ішкі  істер 
министрі басқарады,  ол әрі ішкі әскерлердің қолбасшысы болып 
есептеледі. Оны  Пример-министрдің ұсынымы бойынша еліміздің  
Призиденті тағайындайы. Министр бағынышты ведомстоваларға  
жалпы басшылық етеді.
Қазіргі  кезде  ішкі  істер  органдарының  жүйесінде:  кри-
миналдық полиция, әкімшілік  полициясы және өзге де қызмет 
полициялары, сондай-ақ әскери-тергеу  органдары және Ішкі істер 
министрлігінің әскери құрама мәртебесі бар әскери полициясы 
бар.


228
Криминалдық полиция депертаментінің негізгі міндеттеріне 
мыналар жатады: қылмыстарды іздеп табу, алдын алу, жолын кесу, 
ашу және тексеру, ішкі істер органдарының қарауына жататын 
қылмыстық әстер туралы анықтау жүргізу,  тергеуден қашып 
жүрген  адамдарды іздестіру ұйымдастыру  және іске асыру,  
қылмыстық  жазаның    орындалуынан    бой  тасалаушыларды, 
іс-түзсіз  жоғалғандардарды  анықтау  және  т.б  Криминалдық 
полицияны жедел іздестіру,  тергеу, ғылыми-техникалық және алда 
тұрған  міндеттерді шешуге қажетті, Қазақстан Республикассы 
Ішкі істер министірлігіне тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер 
құрайды.
Әкімшілік полициясының депертаменті әкімшілік құқықбұзу-
шылықты болдырмауыды жүзеге асырады. Патрульдік полиция 
депертаменті қалалардағы  және елді мекендегі  көшелер мен 
қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысын ұйым-
дастыру.  Жол  полициясының    депертаменті    бұрынғы  МАИ 
жұмысын орындайды.  Қылмыстық-атқару   жүйесінің депертаменті  
еңбекпен түзету мекемелерінің қызметін  ұйымдастырады.
Қойылған міндеттерге сәйкес органдарының кең өкілеттіктері 
бар. Олар мыналарды іске асыра алады: азаматтардан қоғамдық 
тәртіп және қоғамдық қауіпсіздіктерді  сақтауды талап етеді; 
құқық бұзуға жол  бермейді, оның ішінде  заңда белгіленген  
жағдайларда    оны  күш  қолдану    және  қару  жұмсау  арқылы 
тыяды; қылмыстың жасалғанына  сезік туғанда және  әкімшілік 
құқық бұзылған кезде құжаттарды тексереді; құқық бұзушыны 
күзетпен ұстайды; жедел-іздестіру шараларын жүргізідеді, өз 
құзыреттеріне жататын істер бойынша (мәселен, ұрлық, алаяқтық,  
тонау, бопсалау істері бойынша- біліктіліксіз құрам) анықтау 
жүргізіледі;    олардың  құзыретіне  жататын  істер    бойынша  ( 
мәселен, кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл және т.б істер бойынша) 
алдын  ала  тергеу  жүргізеді;  әкімшілік  іс  жүргізу,  әкімшілік 
жазалау шараларын  қолданады: адамгершілік қасиет қоғамдық 
имандылықты    қорлайтындай    удай    мас  адамдарды  арнайы 
медициналық сауықтыру орындарына жеткізіледі және күзетпен 
ұстайды;  белгіленген  тәртіп  бойынша  адамдардың  алкогель, 
есірткі  және  психотроптық  заттарды    қабылдағандығының  
куәлендіреді; жоғалған азаматтарды іздестіру шараларын жүзеге 
асырады.


229
Бұдан  біз  ішкі  істер  органдар  қызметінің  көпқырлы 
және  қоғам өмірінің  толып жатқан  салаларын қамтитынын 
көреміз.  Олардың сандық құрамы-құқыққорғау   органдарының 
ішіндегі көбі. Сондықтан кадыр құрамына  мұнда әрекеті  етуге  
болады.  Соған  қарамастан  ішкі    органдарына  қызметке  алу 
үшін  қойылатын талап бірдей деседе болады. Олар: Қазақстан 
Республикасының  азаматтығы;  жеке  бастың    мороальдық, 
іскерлік, біліктілік  қасиеттері;  денсаулық жағдайы  және  дене 
тәрбиесінің  жетілділігі; қызметке сай білім деңгейі ( әдетте 
жоғары  немесе  заңгерлік орта білімінің  болуы); жас шамасы 
18-ден кем  болмауы керек.
Қатардағы  және  кіші    басшылық  құрамына  32  жастан  
аспайтын, орта және басшылық құрамына 40 жастан аспайтын 
азаматтар  қабылданады.
Ішкі істер органдарының қызметіне бұрын сотталған  және   
қылмыстық  жауапкершіліктен  ақталмаған себептерден  боса-
тылған,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметтен  теріс    қылықтары  
үшін шығарылған адамдар қабылдамайды. 
Ішкі істер органдарында қызмет ету оның қызметкерлеріне 
белгілі дәрежеде шектеу  қояды. Мәселен,  олардың қызметі  
оқытушылық, ғылыми  немесе шығармашылық  жұмыстарды 
қоспағанда,  депутаттықпен,  қандай  да    бір  ақы  төленетін 
жұмыспен,  кәсіпкерлікпен  айналысумен, коммерциялық   ұйым-
дардың басшылық  органына  немесе бақылау кеңесіне мүше 
болумен  сыйыспайды. Олардың  ереуілдер  ұйымдастыруына, 
оларға  қатысуына тыйым салады, партияларға, кәсіподақтарға 
мүше болуына, қандай да бір саяси партияны  қолдап сөйлеуіне 
рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет