14.6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс
министрлігі
Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылғы 12
қазандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын
одан әрі реформалау туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі құрылған
болатын. Бұл министрлікке мынандай негізгі міндеттерді шешуге
жүктелген: Қазақстан Республикасының фискальдық және кеден
230
саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты жүзеге
асыру; кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру; өз құзырлығы
шегінде Қазақстан Республикасы мүдделерінің эканомикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; мемлекет алдындағы бюджетке
түсетін салықтардың, төлемдерінің және басқа да қаржылық
міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ету; алкогольдік өнімдердің
өндірілуі мен айналымына мемлекеттік бақылау жасау; мемле-
кетке шығын келтіретін эканомикалық қылмыстармен және құқық
бұзушылықтармен күрес жүргізу ; эканомикалық қылмыспен
күрес саласында халқаралық қатынас жасау.
Министірлік Қазақстан Республикасының аумақтық салық
және кеден органдарының қызметіне басшылық етеді, сол үшін
оның құрамында салық полициясының комитеті және кеден
комитеті құрылған.
Салық полициясы Комтетінің негізгі функциялары: кримино-
генді жедел жағдайларды талдау және; салық және өзге де
эканомикалық қылмыстар жасауға себеп болатын жағдайларды
зерттеу және оларды болдырмаудың тиімді шараларын
жасау; неғұрлым күрделі салық және басқада экономикалық
қылмыстырдарды, сондай-ақ қоғамдық алаңдаушылық туғызатын
жағдайларды тексеру; жедел-іздестіру шараларын жүргізу; салық
полициясы органдары бөлімшелерінің жедел қызметін жоспарлау
және үйлестіру; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының
салық және экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі барлық
мәселелер бойынша халықаралық міндеттемелерін орындау.
Салық полициясы органдарының қызметі жалпықұқықтық
принциптер негізінде құрылды, олардың қатарында: заңдылық,
адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын сыйлау,
вертикаль бойынша жоғарғы тұрған органдарға бағыныштылық
және есептелік; басқа мемлекеттік органдармен, халықпен және
азаматтық қоғам инистуттарымен, басқа мемлекеттердің салық
қызметтерімен өзара қарым-қатынас, қызметкерлерінің саяси
партияларға және басқада қоғамдық бірлестіктерге мүше
болудан тартынуы.
Салық полициясы органдарының қызметін ұйымдастыруға
сондай-ақ мынандай арнайы принциптер тән: біртұтастық
және орталықтандыру; тәуелсіздік және дара басшылық; құпия
сақтаушылық, қызметінің жариялылық және жариялылық емес
әдістерін үйлестіру.
231
Салық полициясы өз қызметін іске асыру жолында
мыналарға құзыретті: салық салу мәселелері бойынша салық
төлеушіге тексеру жүргізуге, мемлекет алдындағы басқа да
қаржылық міндеттемелердің орындауын қадағалауға, қолданып
жүрген заңға сәйкес оларды жауапқа тартыуға; өз құзыреті
шегінде ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін орындалуы міндетті
актілер шығарыуына; қолданып жүрген заңға сәйкес алдын ала
тергеу, анықтау және жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан
және азаматтардан белгіленген тәртіп бойынша ақпарат сұрастыру
және ақпарат алуға.
Салық полициясы органдарының жүйесін Салық полиция-
сының Комитеті, оған бағындырылған аумақтық органдар, оқу
орындары және функционалдық қызметті қамтамасыз етуге
қажетті басқа да бөлімшелер құрайды.
Салық полициясына жалпы басшылықты, қылмыстық-
процуалдық және жедел іздестіруді қоспағанда, мемлекеттік
кіріс министрі жүргізеді. Мемлекеттік кіріс министрдің ұсынымы
бойынша Үкімет тағайындалатын және қызметтен босататын
Төраға Комитет жұмысына тікелей басшылық етеді және ол
үшін жеке дара жауап береді. Оның орынбасарларын, сондай-ақ
облыстар бойынша басқарма бастықтарын Төрағаның ұсынымы
бойынша кіріс министрі тағайындайды және жұмыстан босатады.
Cалық полициясының қызметі Үкімет бекіткен ережеге сәйкес
ұйымдастыралады.
Комитет жеке құрамын мемлекеттік кіріс министрі бекітетін
консультативтік-кеңесші орган –Офицерлер кеңесі құрылады.
Салық полициясының аумақтық органдарына Комитеттің
облыстық, астаналық, аймақтық, аудандық (қалалық) басқармалары
және салық полициясының ауданаралық бөлімдері жатады.
Кадрлары. Салық полициясының қызметіне жасы 20-
ға толған, өзінің жеке басының және іскерлік қасиеті, білім
мен денсаулығы жағынан қызмет атқаруға қабілеті бар
Қазақтан Республикасының азаматтары қабылданады. Салық
полициясының қызметкерлеріне, атқаратын қызметі мен салық
полициясындағы жұмыс стажына қарай, арнайы атақтар беріледі.
Жұмысқа тұрған қызметкерлер ант береді. Оларға негізі жұмыстан
басқа тек ғылыми, оқытушылық және шығармашылық қызметпен
айналысуына рұқсат етіледі.
232
Қазақстан Республикасындағы кеден органдары. Республи-
калық кеден қызметі 1991жылғы 12желтоқсанда Қазақстан
Республикасының Кеден Комитеті құрылғалы бері қайта құру
арқылы әртүрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырады: 1992 жылғы
12қарашада Қаржы министрлігінің Бас Кеден басқармасына,
1995жылғы сәуірде Министірлер комитеті жанындағы кеден
комитетіне, 1997жылғы 14қаңтарда Мемлекеттік кеден комитетіне
айналды, ол 1998жылғы 12қазаннан бері Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен жаңадан құрылған Қазақстан
Республикасы кіріс министрлігінің құрамдас бөлігі болып келеді.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының жүйесін
орталық орган мәртебесі бар Мемлекеттік кеден комитеті, кеден
басқармалары, кедендер және кеден постылары, сондай-ақ
Орталық кеден лабораториясы және кеден басқармаларындағы,
жергілікті ірі кедендердегі кеден сараптамасының бөлімдері
құрайды.
Кеден органдарының негізгі міндеттеріне мыналар жытады:
кеден ісі саласындағы контрабандамен және қылмыстармен,
кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты
кеден ережелерін және салық заңын бұзушылықпен күрес,
есірткелік, психотроптық заттардың, қару-жарақтың, Қазақстан
Республикасы халықтырының және шет елдердің байлығы болып
табылатын көркем-сурет, тарихи заттардың және археологиялық
жәдігерлердің, интеллектуалдық меншік объектілерінің, құрып
кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктердің, олардың бөліктері
мен жұрнақтарының ( терілерінің, тістерінің, бас сүйектерінің,
мүйіздерінің және т.б.), басқа да тауарлардың заңсыз айналымына
тосқауыл қою, сондай-ақ халықаралық терроризмнің күреске
белсенді көмек көрсетеді және Қазақстан Республикасының
әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметіне
заңсыз араласудың жолын кеседі.
Сондай-ақ аталған міндеттерден басқа негізгі міндеттерге
мыналар жатады: кеден ісінің заңын және Қазақстан Республика-
сының заңдарын орындауды қамтамасыз ету, кеден ісін жүзеге
асырған кезде азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау; өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздік
пен экономикалық мүдделерді қамтамасыз ету.
Орталық кеден лабораториясының және тиісті сараптамалық
қызметтердің міндеттеріне кеден мақсатында тауарларға
233
сараптамалар мен зертеулер жүргізу ісі кіреді. Мәселен, зерттеу
барысында мыналар анықталады: тауарлардың ТН ВЭД бойынша
номенклатурасы (код); тауар шығарылған ел; тауарларың кедендік
құны; тауарлардың маркалары, сорттары және саласы; тауар
өндіру технологиясы және басқалары.
Сонымен қатар кеден органдары жүк тиеу алдында тауарлар
мен көлік құралдарына дербес инспекцисы жүргізіледі; ал қажет
болған жағдайа тауарларға тәуелсіз сараптама және зерттеулер
жасатуына құқығы бар.
Кадырлар. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары тек
өзінің іскерлік және моральдық, білім деңгейі және денсаулығы
жағынан өзіне қабілеті бар азаматтары ғана бола алады.
Қызметкерлер немесе лауазымды кеден органдарына 3 айдан
бір жылға дейін сынақ мерзіммен қабылданады. Құқық қорғау
органдары мен қарулы күштерде қызмет еткен зейнеткерлер үшін
жұмысқа алудың жеңілдетілген түрлері де бар. Арнайы атақтар
берілетін құқыққорғау және салық органдарнан өзгешелігі, кеден
органдарының лауазымды адамдарына, оның ішінде бағынышты
мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандарына жеке
атақтар беріледі.
10 саты қаралған:
Толық мемлекеттік кеңесші;
Кеден қызметінің 1,2 және 3 рангалы мемлекеттік кеңесшісі;
Кеден қызметінің 1 ,2 және 3 рангалы кеңесшісі;
Кеден қызметінің 1 ,2 және 3 рангалы инспекторы.
Қызметтен өту туралы Үкімет қабылданған Ережемен
сондай-ақ, кіші құрам да енгізілген.
Бұл жерде лауазымды адамдар өздерінің қызметтік міндет-
терін атқару кезінде өкімет өкілі болып есептелетіндігін атап
айтқан жөн. Кеден органдарының немесе оның лауазымды
адамның қабылдайтын шешіміне ықпал ету мақсатымен қандай
нысанда болмасын мемлекеттік органдардың, саяси және
қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат
құралдардың, өзге заңды тұлғалардың, олардың лауазымды
адамдарының және өзге қызметкерлердің, жеке кәсіпкерлердің,
сондай-ақ жеке тұлғалардың заңсыз араласуына жол берілмейді.
Кеден органы лауазымды адамның заңды талаптарын
немесе өкімдерін мемлекеттік органдар, заңды немесе жеке
тұлғалар, олардың басшылары орындауға міндетті. Заңда кеден
234
органдарының қызметіне қол сұққан адамдардың әкімшілік құқық
бұзғаны үшін жауапкершілік қаралған. Оған: кеден органдары
лауазымды адамның өкіміне немесе талабына бағынбау; кедендік
бақылау жүргізуге,кедендік ресімдеу жүргізуге, сондай-ақ кеден
ережелерін бұзғаны туралы іс жүргізуге немесе оны қорғауға
қатысқан лауазымды адамды, сондай-ақ куәләрді қорлау; лауа-
зымды адамға күш қолданбақ боп сес көрсету және т.б. жатады.
Әкімшілік жауапкершілік бұл құқық бұзу жауапкершілігі
үшін еселенген төменгі есептік көрсеткіш бойынша айыппұл
төлеуді қарайды. Бұл істер кеден органы басшысының тиісті
қаулысы бойынша сотта қаралады.
Өз кезегінде, кеден органдары Қазақыстан Республикасының
экономикалық егемендігін және экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін, адамдардың заңды құқығы мен мүдделерін
қорғау және олардың кеден ісі саласындағы міндеттерін қорғау
үшін азаматтардың және мемлекеттің алдында жауап береді.
Кеден органдары олардың қызметкерлері азаматтардың заңды
құқықтары мен мүдделерін бұзған жағдайда, оны қалпына
келтіруге тиіс және кінәлі адамдары жауапқа тартуды қамтамасыз
етуге міндетті. Заңсыз әрекеттер немесе әрекетсіздік нәтижесінде
адамдарға немесе олардың мүліктеріне келтірілген зиянның
немесе залалдардың орны толтырылады. Заңсыз әрекеттері үшін
лауазымды адамдар әкімшілік, қылмыстық немесе басқаша
жауапқа тартылады.
Сонымен бірге бұл жерде лауазымды адамдардың мәжбүрлеу
шараларын қолдану мақсатымен, бірақ қатал шектелген шеңберде
қолдану үшін арнайы құралдармен және оқ дәрімен атылатын
қарумен жарақталатындығын да ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |