Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Адвокатураның міндеттері мен өкілеттері



Pdf көрінісі
бет69/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

14.7. Адвокатураның міндеттері мен өкілеттері
Адвокатураның қызметі,  сөз жоқ, құқыққорғауға жатады. Ол 
Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен 1997 жылғы 
5  желтоқсанда «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде 
жүзеге  асырылады,  кәсіпкерлікке  жатпайды,  өйткені  негізігі 
мақсат  ретінде  пайда  табуды  көздемейді  және  мыналарды: 
қылмыстық  істер  бойынша  қорғауды;  азаматтық,  әкімшілік, 
қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдікті; сондай-ақ 


235
азаматтар мен заңды тұлғаға өзге де заңгерлік көмек көрсетуді 
алға қойды. 
Мәселен, ол консультациялар, түсіндірулер, кеңес беруден, 
кәіпқойлық білімді талап ететін мәселелер бойынша жазбаша 
тұжымдамалар жасаудан, талап арыздарын, шағымдарын құқық-
тық  сипаттағы  өзге  де  құжаттар  жазудан,  жеке  және  заңды 
тұлғаларға анықтау органдарында, алдын-ала тергеуде, соттарда 
мемлекеттік және органдарда, ұйымдарда және азаматтармен 
қарым-қатынаста уәкіл болудан және оларды қорғаудан көрінеді.
Адвокатура мемлекеттік кепілдік берген және конституциямен 
бекітілген  адамның  өзінің  құқықтарын,  бостандықтарын  сот 
арқылы қорғау және білікті заңгерлік көмек алу құқығын жүзеге 
асыруға көмектесуге міндетті.
Адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі мынаай 
прицинптерге сәйкес құрылады: адвокатураның өз қызметін іске 
асырудағы тәуелсіздігі; бұл қызметті заңдармен тыйым салынбаған 
әдістермен  және  жолдармен  жүзеге  асыру;  тікелей  заңдық 
актілерде қаралған жағдайларды есептемегенде, прокуратура, 
соттар, анықтау және алдын-ала тергеу органдарының, өзге де 
ұйымдар  мен  лауазымды  адамдардың  адвокаттар  қызметіне 
арласуына  жол  берілмейтіндігі;  кәсіпқойлық  мінез-құлық 
нормаларын сақтау және адвокаттық құпияны сақтау.
Адвокаттар  қызметі  заңмен  кепілденеді  және  ол  мемле-
кеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің және лауазым-
ды  адамдарды  адвокаттар  қызметіне  төте  немесе  жанама 
түрдегі  қандай  да  болмасын  араласуға  үзілді-кесілді  тыйым 
салынатындығынан  көрініс  табады.  Өзінің  кәсіптік  міндетін 
іске  асыруға  байланысты  мәләм  болған  жағдайлар  бойына 
адвокаттан куә ретнде жауап алуға тиым салынады. Адвокаттардан 
және  олардың  ұйымдарынан,  заңда  бекітілген  жағдайларды 
есептемегенде, белгілі бір адамға көмек көрсетуге байланысты 
қандай да болмасын мәліметтер беруді талап етуге, сондай-ақ 
адвокаттың құжаттарын және адвокаттың басқа да іс жүргізу 
материалдарын қарауға, алуға, алып тастауға және тексеруге 
рұқсат етілмейді. Адвокаттың өзінің заңгерлік көмек көрсететін 
адаммен теңестіруге қорғайтын адаммен жеке кездесуге рұқсат 
беруден бастап бас тартуға тыйым салынған. Анықтау, алдын-
ала  тергеу  және  сот  органдары  адвокаттың  іске  қатысқан 
сәтінен бастап, оның қорғауындағы күзетке алынған адамның 


236
ісі аяқталғанға дейін іске қатысуға жіберілмейтіндігі жөніндегі 
дереу растау беруге міндетті.
Заңгерлік жоғары білімі бар, заңгерлік мамандық бойынша 
жұмыс  стажы  2  жылдан  кем  емес,  адвокаттық  қызметті  іске 
асыруға құқық беретін лицензиясы бар және адвокаттар алқасының 
мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары 
адвокат бола алады.
Қасақана  жасаған  қылмысы  үшін  сотталған,  белгіліген 
тәртіп  бойынша  әрекет  жасауға  қабілетсіз  немесе  әрекет 
қабілеттілігі  шектеулі  деп  танылған,  адвокаттар  алқасынан 
шығарылған, сондай-ақ тәртіптік теріс қылықтары үшін құқық 
қорғау органдарынан шығарылғанына бір жыл өтпеген күннен 
бастап адамдар адвокат бола алмайды.
Адвокаттың өз өкілеттілігін  жүзеге асырарлықтай жеткілікті 
құқықтары бар. Мәселен, ол кез-келген заңды немесе жеке тұлғаға 
қайтарымды немесе қайтарымсыз негізде кез-келген  заңгерлік 
көмек көрсете алады. Сонымен бірге қорғауға және өкілдікке 
байланысты заңгерлік көмек ақысының және шығындардың орнын 
жабудың мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгілінеді. Заңда 
қарастырылған жағдайда, көмек көрсету және шығындар ақысы 
республикалық бюджеттен немесе өз есебінен төленеді. Мәселен 
адвокаттың қатысуы міндетті болып есептелінетін қылмыстық 
істер бойынша және қорғаудағы адамның қаржысы болмаған 
жағдайда, ақы анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулысы 
немесе сот шешімі бойынша төленеді. Адвокаттар алқасы немесе 
адвокат  кеңесі  есебінен  адвокат  өзіне  сенім  білдірушілеріне 
олардың өтініштері бойынша мынандай қызметтер көрсетеді: 
бірінші буын соттарында талап иелеріне алимент өндіріп алу 
жөнінде, асыраушының өліміне байланысты залалдың, жұмысқа 
байланысты жарақаттың немесе денсаулыққа түскен басқа да 
зақымданудың орнын толтыру жөнінде; Ұлы Отан соғысына 
қатысушыларға және соларға теңестірілген адамдарға, мерзімдік 
қызметтегі әскери қызметкерлерге, 1 және 2 топ мүгедектеріне, 
жасы  ұлғайған  зейнеткерлерге,  егер  кәсіпкерлік  қызметпен 
байланысы болмаса, консультация берген кездерде; азаматтарға 
ақтау мәселесі бойынша консультация берген кездерде.
Адвокаттарға сондай-ақ мынандай процесуалдық құқықтар 
берілген: тиісті мәселелерді шешу құзырына жататын барлық 
мемлекеттік  органдарда  және  мемлекеттік  емес  ұйымдарда, 


237
барлық соттарда заңгерлік көмек сұраған адамдарыдың құқықтары 
мен мүдделерін қорғау; барлық мемлекеттік органдардан және 
мемлекеттік емес ұйымдардан заңгерлік көмек көрсетуге қажетті 
мәліметтер сұрастыру және дәлелдемелер ұсыну; процесуалдық 
құжаттарды, тергеу  және сот істерін қоса есептегенде, көмек 
сұраған  адамдардың  материалдарымен  танысу  және  ондағы 
ақпаратты  заң актілерінде тыйым салынбаған кез-кезген әдіс-
пен көрсете білу; іске кіріскен кезден бастап өз қорғуындағы 
адаммен құпиялықты қамтамасыз ететін жағдайды қанша рет 
және қанша уақытқа созылатынына қарамастан қалағанынша 
кездесу;  заңгерлік көмек көрсетуге және ғылым, техника, өнер 
және өзге де арнайы білімді қажет ететін қызмет салаларына 
байланысты туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін, келісім 
негізінде мамандардан тұжырымдама сұрау; әділет, прокуратура, 
анықтау, алдын-ала тергеу және сот органдарының лауазымды 
адамдарының сондай-ақ басқа да көмек сұраған адамдардың 
құқықтарымен  заңды мүдделеріне қысым жасаған лауазымды 
адамдардың  іс-әрекеттеріне қарсы қолдаухат мәлімдеу, белгіленген 
тәртіп бойынша шағымдар түсіру;  мемлекеттік жасырын сырлары 
бар ақпараттарпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтік 
мәні бар мәлеметтермен және, егер анықтау, алдын ала тергеу 
орындарында және сотта заңда  қарастырылған актілер тәртібімен 
қорғауды  немесе  уәкілдікті  қамтамасыз  етуге  қажет  болған 
жағдайда,  өзге  де  заңмен  қорғалатын  құпиялармен  танысу; 
заңгерлік  көмек  сұраған  адамдардың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерін  қорғайтын заңмен тыйым салынбаған барлық амалдар 
мен әдістерді қолдану, сондай-ақ заңға қайшы келмейтін  өзге 
де әрекеттерді жүзеге асыру.
Белгіленген рұқсат режиміне сәйкес, адвокаттың мемлекеттік 
органдар, соттар, прокуротуралар,  анықтау, алдын ала тергеу 
органдары орналасқан мекемелерге, күзетпен ұсталғандар, тұт-
қындалғандар және жазасын өтеп жатқанда орналасқан орындарға 
кіруге құқығы бар. 
Осындай құқықтарына қоса адвокаттың мынандай  міндеттері 
бар: заңдардың талаптарын орындау, адвокатура ұйымдары мен 
қызметінің  принциптерін  басшылыққа алу;
Егер көмек сұрап келіп отырған адамның мүдделері бұрын 
заңгерлік көмек көрсетілген немесе көмек көрсетіліп отырған 
адамдардың  мүдделеріне қайшы келген жағдайда( тараптардың 


238
өз ара келісімі бойынша делдал ретінде қатысуды есептемегенде) 
немесе  іске  судья,  прокурор,  анықтау  жүргізуші,    тергеуші, 
сараптаушы,  маман,  аудармашы,  куәгер,  жәбірлеуші  немесе 
куәгер, азаматтық талап иесі немесе азаматтық жауап беруші 
ретінде қатысқан жағдайда, сондай-ақ, істі тексеруге немесе 
қарауға адвокаттың жақын туыстық қатысы бар лауазымды адамды 
қатысқан жағдайда, заңгерлік көмек көрсету тапсырмасынан 
бас тарту;
Көмек сұрап  келген адамның жағдайын ауырлататын құ-
қықтық позиция ұстауға қақысы жоқ
  Қылмыстық іс бойынша қабылдаған тапсырмадан  жалтаруға 
хақысы  жоқ    және  қорғаушының    немесе  адвокаттың  өзінің 
пікірінше  үкім әділ  шешілмеген жағдайда, оған белгіленген 
тәртіп бойынша шағым беруге міндетті;
Мемлекеттік қызметке тұруға, кәсіпкерлікпен айналысуға, 
оқытушылық,  ғылыми  немесе  шығармашылық  қызметтерді 
есептемегенде, басқа да ақы төленетін жұмыстарды атқаруға 
құқысы жоқ;
Адвокатқа  өтініш  жазу  арқылы  құрылатын  фактілерден 
тұратын,  көмек сұрай келген адамның ауызша немесе жазбаша  
келіс сөздерден туындайтын мәлеметтерді  қамтитын ақпарат  
туралы адвокаттық құпияны, көмек сұрай келген адамның мүддесі 
үшін жасалған әрекеттердің  сыйпаты мен нәтижелерін, сондай-
ақ  заңгерлік  көмек  көрсетуге    қатысты  өзге  де  мәлеметтерді 
құпия сақтауға міндетті.
Адвокатураны ұйымдастыру.  Адвокатура – азаматтар мен  
заңды тұлғаларды құқықтық жағынан қорғау жөнінде  арнайы  
өкілеттілігі  бар    кәсіпқой  заңгерлердің  қауымдастығы  және 
адовокаттың қызмет туралы  заң шеңберінде әрекет етеді.
Адвокат қызметін  барынша дұрыс ұйымдастыру мақсаты 
мен,  сондай-ақ  өз  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау 
үшін адвокаттар кәсіпқой, тәуелсіз, коммерциялық емес, өзін-
өзі  басқаратын  және  өзін-өзі  қаржыландыратын  ұйымдардан 
тұратын  алқалар  құрады.  Адвокаттар    алқалары  облыстар, 
республикалық мәні бар қалалар, астана аумағында бір-бірден 
құрылды.  Оның  негізгі  міндеттері-  бірлесіп  жұмыс  істеу,  
материалдық-техникалық, анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз 
ету,     кәсіпқойлық көмек және алқа мүшелерін қорғау, олардың 
қызметіне білікті бақылау қою, заңгерлік  тегін көмек көрсетуді  
ұйымдастыру және азаматтарды қорғау.


239
Мыналар адвокаттар алқасының органдары болып есептеледі: 
1.  Жоғарғы орган – алқа мүшелерінің жалпы жиналысы 
(конференция);
2.  атқарушы орган- президиум;
3.  басқарушы орган- тексеру комиссиясы.
 Жалпы жиналысты (конференцияны) тексеру комиссиясы 
төрағасының талап етілуімен немесе мүшелер санының төрттен 
бірінің  дауысымен  президиум  жылына  кем  дегенде    бір  рет 
шақырады. Ол адвокаттар алқасы қызметінің  кез келген мәселесін 
шеше алады, оның ішінде:  Жоғарғы қабылдау және оған өзгерістер 
енгізу; атқарушы, бақылаушы және басқа органдарды сайлау 
және олар туралы ережені бекіту; алқа органдары басшыларының 
және басқа қызметкерлердің есебін тыңдау; алқа мүлкіне  ие 
болу  тәртібін  орнату;  мүшелік  жарна  ставкаларын  белгілеу; 
алқа органдары басшыларының және басқа қызметкерлердің 
шешімдеріне адвокаттардың шағымдарын қарау;  алқа басшылары  
мен қызметкерлерін мерзімінен бұрын кері шақырып алу.
Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар  алқасы мүше-
лерінің үштен екісі  жиналғанда немесе  тиісінше конференцияның  
сайлаған делегаттар  құрамы жиналған жағдайда  шешімдер 
қабылдауға құқылы.
Адвокаттар алқасының президиумы және оның төрағасы  
жасырын дауыспен  төрт жылға сайланды. Алқа прездиумы, тек 
қана жалпы жиналыстың(конференциясының) құзырына жататын  
мәселелерді қоспағанда, алқа қызметінің мәселелерін шешеді.  
Мәселен, жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік көмек көрсету 
жөніндегі  алқа  жұмысын  ұйымдастырады;  жалпы  жиналыс 
(конференция) шақырады және оның шешімдерін  орындауды 
ұйымдастырады;  адовкаттардың кәсіби және өзге де құқықтарын 
қорғайды; адвокаттар алқасына мүшелер  қабылдауды және одан 
шығаруды іске асырады, стажерлар даярлауды ұйымдастырады, 
адвокаттардың  үстінен түскен шағымдарды тексеру жұмыстарын 
жүргізеді;    тәртіптік  теріс  қылықтар  туралы  материалдарды  
қорғайды және жауапты адамдарға тәртіптік жазалар қолданады;  
адвокаттар  аттестациясын  өткізу  және  олардың  кәсіптік  
біліктілігін арттыру жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастырады;  
алқа қаржысына иелік етеді; бухгалтерлік есеп, қаржылық және 
статистикалық  есептелікті, іс жүргізуді ұйымдастырады. 


240
Президиум төрағасы адвокаттар қатарынан сайланады. Ол 
өзіне жалпы  жиналыс және алқа  Жарғысы жүктеген өкілет-
тіктерді  жүзеге асырады.
Тексеру  коммиссиясын  және  оның  төрағасын  жалпы 
жиналыс  төрт  жылға  сайланады.  Ол  адвокаттар  алқасының, 
қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізіледі.  Заңгерлік 
консультатцияларын, адвокаттар  кеңселерінің,  сондай-ақ жеке 
жұмыс істейтін адвокаттардың қаржы қызметін тексереді.
Адвокаттар  алқасының  мүшелері  өздерінің  құқықтары 
мен міндеттері жағынан тең.  Олардың: алқа тарапынан қолдау 
және қорғау көруге; алқа органдарының құрамын сайлауға және 
сайлануға, алқа қызметіне  белсене араласуға (мәселелер қоюға, 
ұсыныстар енгізуге, талқылаулар мен тексерулерге қатысуға, 
құжаттармен танысуға); алқа мүліктерін  пайдалануға; кез келген 
уақытта алқа құрамын шығуға құқықтары бар.
Алқа мүшелері: алқа Жарғысының талаптарын орындауға; 
жалпы жиналыс  пен оның органдарының  шешімдерін орындауға;  
мүшелік жарналар  төлеуге міндетті.
Алқа мүшелері  заңдар мен Жарғыны  бұзған үшін тәртіптік 
жауапқа  тартылады.  Тәртіптік  жаза  шараларын  қолдану,  алу 
және  шағымдау  тәртібін  адвокаттар  алқасының  Жарлығын 
белгілейді. Алқа президиумы мынандай жағдайларда адвокатты 
алқа мүшелігінен шығаруға құқылы
Адвокаттық қызметпен  айналасу құқығы  үшін берілетін 
лицензиясы қайтарып алғанда немесе күшін жойғанда; адвокатура 
қызметінің өз міндеттерінің принциптерін қайта-қайта немесе 
бірнеше  дүркін өрескел бұзған жағдайда.
Біліктілік  жетіспеуі салдарынан  адвокаттың  өз кәсіптік 
міндетін атқара  алмайтындығы  белгілі болған жағдайда;
Мүшелік жарналарын үнемі төлемеген жағдайда;
Кәсіпкерлікпен, сондай-ақ өзгеде  ақы төйленетін қызметпен 
айналысқан жағдайда;
Өз еркімен бастартқан жағдайда;
Және  Жарғыда қарастырылған басқа жағдайда.
Адвокаттар өз қызметтерін  заңгерлік  консультатциялар 
жеке дара жүзеге асырады.
Заң  консультатцияларының  заңды  тұлғалар  мәртебесі 
болмайды және адвокаттар  алқасының  құрылымдық бөлшектері 
(филиалдары) болып табылады. Оларды призидиумдар құрады 


241
және  адвокаттар  алқасы  жалпы  жиналысы  (конференциясы) 
қабылдаған ережелер негізінде  әрекет етеді. Консультациялар 
адвокаттар  алқасы призидиумдары тағайындайтын меңгерушілер  
басшылық етеді.
Адвокаттық  кеңес    мекеме  нысанындағы  коммерциялық 
емес ұйым болып есептеледі. Оны адвокаттар  материалдық, 
ұйымдық-  құқықтық  және  адвокаттардың  заңгерлік  көмек 
көрсетуін қамтамасыз ететін өзге де жағдайлар жасау мақсатымен 
құрады.
Адвокаттар  қызметі  лицензияланады.  Лицензия  әділет 
Біліктілік алқасына біліктілік емтиханың тапсырған  жағдайда 
беріледі.  Ол  басты,  тұрақты  құжат  болып  табылады  және 
Қазақстан Республикасының барлық аумағында күші болады.
Лицензияның күші мынандай  жағдайларда тоқтатыла тұрады: 
адвокат  мемлекеттік  қызметке    кірген  кезде,  оны  Парламент 
депутаттығына  сайлаған (тағайындалған) жағдайда. Мерзімдік 
әскери қызметке болған кезеңде; адвокаттың мүшелік жарналарды 
үнемі  төлемеуі салдарынан немесе Жарғыда қарастырылған 
өзге де негіздер  бойынша  адвокаттар алқасынан шығарылған 
жағдайда.
Лицензия  әділет  органдарының    талабы  бойынша  сот 
тәртібімен   мына жағдайларда кері қайтарып алынуы  мүмкін: 
адвокаттық  ұйым  және  адвокатура  қызметінің  принциптерін 
өрескел  бұзғаны және өз міндеттерін әлденеше рет орындамағаны 
үшін;  біліктіліктің  жетіспеуі    салдарынан  адвокаттың  өзінің 
кәсіптік  міндеттерін орындай алмайтындығынан(тек қана адво-
каттар алқасының ұсынымы бойынша).
Сот шешімімен  лицензия мына жағдайларда күшін жояды: 
белгіленген  тәртіп  бойынша  адвокатты  әрекет  қабілеті  жоқ 
немесе әрекет қабілеті  шектеулі деп танығанда; адвокат қаса-
қана жасаған  қылмысы үшін сотталғанда; лицензия қайтарып 
алынғанда.
Адвокат лицензиясы ол Қазақстан Республикасының азамат-
тығынан шыққын кезде де күшін жояды.  


242
     


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет