Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Еңбек құқығының қайнар коздері. Еңбек туралы



Pdf көрінісі
бет93/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   136
24.3.Еңбек құқығының қайнар коздері. Еңбек туралы 
заңдардың міндеттері
Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың 
барлық  жағдайларда  қолдануға  есептелген  нормативтік 
нұсқаулардан  тұратын  құқықтық  актілері  еңбек  құқығының 
көздері болып табылады.Әдебиетте бұл көздер“еңбек туралы 
нормативтік  актілер”,”еңбек  туралы  заң  актілері”,”еңбек 
құқығының нормативтік актілері”және т.б. деп аталады.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы нормативтік-
құқықтық актілері мыналар болып табылады:
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындай-
тын,  тікелей  қолданылатын  заң  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы болып табылады,еңбек туралы барлық нормативтік 
құқықтық актілер Конституцияға сәйкес келуге тиіс.


297
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер  Қазақстан 
Республикасындағы Еңбек туралы заңынан және соған сәйкес 
қабылданған:
-заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің  
заң күші бар жарлықтарынан;
 -Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан;
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;
-Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесінің нор-
мативтік қаулыларынан;
-Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік 
қаулыларынан;
-министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық 
актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 
4-тармақшасына  сәйкес  азаматтардың  құқықтарына,бостан-
дықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік 
құқықтық  актілердің  ресми  жариялауы  оларды  қолданудың 
міндетті шарты болып табылады.
Егер  Қазақстан  Республикасы  бекіткен  халықаралық 
шарттарда  Қазақстан  Республикасы  бекіткен  халықаралық 
шарттарда Қазақстан Республикасының еңбек туралы нормативтік 
құқықтық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе аталған 
шарттың ережелері қолданылады.
Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік 
нормативтік құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан 
басқа,халықаралық  шарттар    еңбек  қатынастарына  тікелей 
қолданады.
Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызмет-
шілердің  еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 
10 желтоқсанда қабылданған”Қазақстан Республикасындағы еңбек 
туралы”Заң болып табылады.Бұл заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап қолданысқа енгізілді.”Қазақстан Республикасындағы еңбек 
туралы”Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақ КСР-нің 1972 
жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 
1 қаңтарынан бастап республика аумағынан күшін жойды  деп 
танылды.Қазақстан өзінің тәуесіздігін алғаннан кейін бұл кодекс 
көп  жағдайда оның нарықтық экономика мен жеке кәсіпкерліктің 
қалыптасуының шарттарына сәйкес келмеді.


298
Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” жаңа заңы, 
өкінішке орай, Кодекс нысанында қабылданбады және негізінен 
еңбек қатынастарының “Еңбек туалы” заңға қайшы келмейтін  
бөлігін сақтап  қалған заңдар және басқа нормативтік құқықтық 
актілер  реттемейтін  саласын  реттейді.Оларға,  мысалы,мына 
заңдар жатады;1992 жылы 4 шілдеде қабылданған “Ұжымдық 
шарт туралы”:1993жылы22қаңтарда қабылданған”Еңбек туралы” 
; 1993 жылғы 9 сәуірде қабылданған”Кәсіптік одақтар туралы ”; 
1996 жылы 8 шілдеде қабылданған ’’Ұжымдық еңбек даулары мен 
ереуілдер туралы ’’; 1998 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған 
“Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы ” және т.б.
Орталықтандырылған тәртіппен қабылданған нормативтік 
құқықтық актілер, әдетте, жалпы ережелерді белгілейді, олар 
ұйымдарда қолданған нақтылауды талап етеді немесе соған жол 
береді.Ұйымдарда  қабылданған  нормативтік  актілер  жұмыс 
берушінің актілері деп аталады.Оларға бұйрықтар,өкімдер,нұ
сқаулықтар,ішкі еңбек тәртібінің ережелері жатады.
Еңбек туралы заңдардың негізгі міндеттері мыналар болып 
табылады;
1.Еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық 
негіздерін бекемдеу;
2.Еңбек бостандығы мен еңбек туралы шарттары бостан-
дығын бекемдеу;
3.Еңбек  қатынастарындағы  қызметкерлер  мен  жұмыс 
берушінің құқықтық мәртебесін белгілеу;
4.Әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;
5.Қызметкерлердің, оның ішінде уақытша жұмыссыздардың 
әлуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер 
жүйесін орнықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет