295
Сонымен,еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттікті іске
асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік
және жеке ұйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде
қалыптасатын жеке дара да,сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық
қатынастарды құрайды.
Еңбек құқығының әдістері саланың пәніне енетін жоғарыда
аталған қатынастарды реттеудің жолдары мен тәсілдерін сипат-
тайды.
Оларға мыналар жатады:еңбек құқықтық қатынастарын
орнықтырудың шарттық сипаты:өзара міндеттемелерді орын-
даудың ерекше режимі:еңбек жағдайларын орталықтан
және жергілікті жерде,нормативтік және шарттық реттеуді
үйлестіру:сыйақының ұжымдық және жеке еңбек нәтижелеріне
байланыстылығы:санкцияларды қолданудың соттан тыс тәртібі
және т.б.
Құқықтық реттеудің айрықшаланған пәні мен өзіне тән
әдісінің болуы еңбек құқығының құқық жүйесіндегі дербес
сала ретіндегі орнын белгілеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: