279
млекеттік тіркеу орындарында дәлелді себептері болған
жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге
төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және
олардың ата-аналарының, немесе қорғаншылардың келісімі
- мен ) көзделген .
(“Неке және отбасы туралы” Заңының 10- бабында) бел-
гіленгендей, еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе
Қазақ КСР-інің неке және отбасы кодексінің 16- бабына
сәйкес еркектердің неке жасы – 18, әйелдердікі - 17 деп
белгіленген болатын .
Белгіленген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін
болсақ, мұндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс
жүзінде некеде тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы
мен баласын тууы үшін жасалады.
Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайларын,
немесе басқа да себептердің болатындығы (“Неке және отбасы
туралы ” Заңының 11- бабында) қарастырылған. Осы бапқа
сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұруына тыйым
салынады :
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адам-
дардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын
жақын туыстардың ( ата-аналар мен балалардың, атасының,
әжесінің және немерелерінің ), ата-анасы бір және ата-анасы
бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы – інілер мен апалы-
сіңлілердің (аға – қарындастардың)
3) асырап алушылар
мен асырап алынғандардың ;
4) біреуін болсада психикалық ауруының немесе ақыл-
есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп
танылған адамдардың .
Достарыңызбен бөлісу: