Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет103/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
123 
Бір заттың себебін табу - маған парсы тағынан қымбат (Демокрит). 
Дене тілегі - ашықпау, шөлдемеу, тоңбау. Осының бәрі бар адам, я соған 
болашақта үмітті адам Зевстің өзімен бақыт жөнінде дауласа алады (Эпикур). 
Тағдыр тілегенді алып жүреді, тілемегенді сүйретеді (Сенека). 
Қандай тәлтекке түссең де, олардың бәрі ғасырлар бойы аңықталған. Себептердің 
байланысы басынан бастап сені сол оқиғалармен байлады (Марк Аврелий). 
Менің білетінім - ештеңені білмегенім (Сократ). 
Уақыт - өзінің істегендерін қарап отырған мәңгілік (Платон). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті аясындағы философия 


Нуржігіт Алтынбеков 
124 
§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері 
Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим Империясының құлауынан бастап, Қайта 
Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі уақытты жатқызады (V ғасырдан XIV ғасырға 
дейін). Яғни бұл заман - құл иеленушілік коғамның Дүниеден кетіп, оның орнына 
феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі - белгілі өндіріс 
тәсілінің орнауында. 
Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың ойынша, Орта 
ғасырлар Европа топырағына Христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, Қайта 
Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның өзі бірқұдайлыққа көшуменен (монотеизм), 
философияда адам және Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен 
байланысты. 
Сонымен тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжылдық) теңесе, 
философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады. 
Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-екі ауыз сөзбен 
айтып өтіп, әрі қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар тарихтағы бір кертартпалық
діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға жылжымау, ғылым мен техниканың алға 
баспауы, адамдардың рухани езіліске түсуі, ерікті ойдың қудалануы, өндіргіш 
күштердің тұрақтап қалуы ретінде суреттелген болатын. 
Мүның негізгі себебі - Кеңес заманындағы Орта ғасырларды атеистік 
(кұдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау болды. 
Бүгінгі таңда біз Орта ғасырлар дәуіріне қызыға қарап жатырмыз. Әңгімені 
өндіргіш күштерден бастасақ, әрине, құлдық қоғаммен салыстырғанда, бұл заманда 
үлкен алға жылжу байқалады. Шаруалар байларға тіркелгенмен, олардың өздерінің 
отбасы, малы, жері болды. Олар жартылай ғана тәуелді адамдар болды. 
Ғылым мен техникада да белгілі жаналықтар болды. VI ғ. Қытайда фарфор 
өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа дүниеге келіп, кітаптар шыға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет