Нуржігіт Алтынбеков 158
танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан дүниесінің ажырамас бөлігіне
айналдыруында жатыр.
Іс-әрекеттік интеллект - Әл-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының бірі. Ол
ешқашанда материяда болмаған. Ол потенциалдық ақыл-ойдың шындыққа айналуына
дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін, Әл-Фараби көздің сәуле күші арқылы
көру мүмкіншілігімен салыстырады. Көз қараңғыда тек қана керу мүмкіншілігіне ие.
Ал күннің сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз актуальды түрде Дүниені
көре бастайды. Оның себебі күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, сонымен бірге
заттарды да жарқыратып көрсетті.
Іс-әрекеттік интеллект, Әл-Фараби ойынша, күннің сәулесі сияқты таным
үрдісінде өз дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы потенциалдық интеллект
актуальдіге айналады.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары Жоғарыда көрсетілгендей, Дүние Алғашқы Барлықтан саты-саты болып төмендеп
өмір сүретін болса, онда қоғам өмірі де соған ұқсас. Тек мұндағы «Бірінші Мән» - ол
Халиф, Имам. Ол өзінің жан Дүниесі, ақыл-ойы, рухымен өзін қоршаған уәзірлерге,
олар өздерінен төмен басшыларға т.с.с. ықпалын тигізіп, ең соңында ол Қарапайым
халыққа жетеді.
Қоғамның қажеттігін Әл-Фараби адамның жалғыз өзі өзіне керектерінің бәрін
жасай
алмайтындығынан,
екінші
жағынан,
басқаларсыз
өзін
жетілдіре
алмайтындығынан шығарады. Сондықтан адамдар бірігіп, өзара бір-біріне көмектесіп,
қажетті заттармен бөлісіп өмір сүрген.
Қоғамды Әл-Фараби толық және толық емес кылып, екіге бөледі.
Бүкіл жер бетіндегі, қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат: ол - белгілі
халықтың өмірі, кіші - ол белгілі бір жерде орналасқан кешен-қала, ауыл - сондағы
тұратын адамдар.
Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол белгілі бір ауылда, я болмаса қаланың бір