Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет156/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
184 
яғни қарама-карсылық-бір-біріне өтіп, бірегейлікке ұласады. 
Олай болса, адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни Құдайға қарама-
карсылықтың бірлігін түсіну аркылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз 
шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-ой иесі 
болғаннан кейін, өзінің санасында бүкіл болмыстағы шынайы және болуы мүмкін 
заттардың кейпін сақтайды. Адам - сондықтан шығармашылыққа жаратылған 
пенде. Олай болса ол - адамдық Құдай (Humanus Deus). 
Адам Құдайға, әсіресе өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі және 
үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (sensus), ақыл-ой (ratio) жэне 
зерде, парасат (intellectus). Ақыл-ой - сезім мен зерденің арасындағы дәнекер. 
Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. Бірақ адамның таным 
мүмкіндігі ол екеуімен саркылмайды. Тіпті сезім мен ақыл-ойдың тұрпайы түрлері 
жануарларда да бар. Адамның баска тіршіліктерден үзілді-кесілді айырмашылығы 
акыл-ойдың зердемен байланысында. Соңғы толығымен жануарларда жок. 
Зерде аркылы біз Дүниедегінің ең терең алғашкы негіздеріне дейін жете аламыз, 
метафизикалық сұрактарға жауап береміз. Зерденің «сезімдік-денелік» Дүниеге еш 
қатысы жоқ «Ол уақыттан да, өтпелі дүниеден де тыс, олардан абсолютті ерікті». Егер 
сезімдік және акыл-ой танымы айнала қоршаған ортаға тәуелді болса, зерде олардың
бәрінен тәуелсіз, ол Құдайдың акыл-ойына жақын, сондықтан ол ең жалпы, 
тұрақты, өшпейтінді аша алады. 
Әрине, әр адам қанша ұлы болса да- өз заманының тұлғасы. Сондықтан 
Н.Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенімді жоғары тұтады. Бірак ол 
соқыр сенім емес, өйткені «Зерде сеніммен бағытталады, ал сенім зерде арқылы 
аныкталады». Тек Зерде арқылы ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай 
барлық жерде болғаннан кейін - ол «бәрі», ал еш жерде оның тұрақтанып қалмағаннан 
кейін, ол - «бәрінің жоқтығы». Бүкіл Ғарышты өзі ішінде қамтығаннан кейін, ол - 
«абсолютті максимум», ал сонымен бірге ол көзге ілінер-ілінбес кішкентай да 
болғаннан кейін, ол — «абсолюттік минимум». Абсолютті максимум мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет