Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың



Pdf көрінісі
бет152/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі 
бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. 
Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - 
эмпиризм (еmрегіа, - грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы 
алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге 
әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық 
интеллигенцияның дүниеге келуіне себеп болды. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой 
еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере 
бастады. 
Орта ғасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әртүрлі кәсіби топтар жаңа 


Нуржігіт Алтынбеков 
180 
жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың іс-әрекеті көбірек 
бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар өздерінің мүдделері мен 
мақсаттарына сай суретші, мүсінші, дәрігер, жазушы, сәулетші т.с.с. болуға 
тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, сол кездегі схоластикалык нәтижесі жок 
ой-өрісіне қарсы сезімдерді туғызады, өйткені олардың ой-өрісі, дүниесезімі, 
шығармашылык ізденістері діннің шеңберінен шығып, жана көзқарасты талап етеді. 
Ал бұл айтылған ойлардьң айқын көрінісі - Орта ғасырдағы университеттер мен
шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола бастауы. Оларды «Studia 
Humanitatis» (гуманитарлық пәндерді зерттеу) деп атады. Сонымен Қайта өрлеу 
заманының өшпес нәтижесі - гуманистік (Humanus - латын сөзі, адамгершілік, 
адамдық) ағымньң сол кездегі коғам мәдениетінің саласында пайда болып, оған жан-
жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой-өріске ғана
емес, сонымен қатар саясатка, моральдық нормаларға, әдебиет пен
көркемөнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы жеке адамның 
бойындағы табиғи дарындарын өмірге әкелу, адамның қүдіретін, ар-абыройын 
көрсету болды. 
XIV ғ. екінші жартысынан бастап, Көне классикалық грек және латын әдебиеті 
мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. Оларды мәдени 
саладағы маңдайалды үлгі, білім алғысы келетін адамға ең кажетті нәрсе ретінде
бағалай бастайды. Гуманистік әдебиет білім мен «virtus» (лат. сөзі) ізгілікті 
рақымшылдықпен теңей бастады. «Қайта өрлеу» деген ұғымның мазмұнының өзін, 
міне, осы антикалық мәдениетке деген құштарлықтан шығаруға болады. Алайда бұл 
талпынысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде қайта 
оралу деп түсінсек, ол кате болар еді. Оны біз қайта оралу, көне мәдениетке баға 
беріп, өз заманынан болу, сонымен қарым-қатынасқа түсу, кұштарлықтан деп 
түсінуіміз керек. Сонда ғана біз «Өрлеу» дегенде әрі қарай даму, жетілу мағынасына 
ие боламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет