Нуржігіт Алтынбеков 185
минимумның екі ортасында көз алдымыздағы бүкіл Дүние орналасқан.
Ақикатқа жету мәселесіне келер болсақ, бүл жолда өзінің қарама-қарсылығы -
жалғандықпен бірге беріледі. Ақиқат пен жалғандық күн мен түн, сәуле мен түнек
сияқты. Ең жоғарыдағы жарыққа толы дүниенің өзінде қараңғылық бар, ал төменгі
дүние қараңғыға толы болғанымен, сәуледен толығынан құр емес. Олай болса, ең
терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. «Нағыз білетін өзінің білмейтінін
біледі».
Қорыта келе, Н. Кузанский философиялық қөзқарастарының болашақ, Жаңа
дәуірдегі ой-пікірге өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек.
§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. Николло Макиавелли Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік
сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы
мәнінің өсуі, ұлттық сана-сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың
қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол
ғалымдардың ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға
- Н.Макиавелли.
Николло Макиавелли(1469-1527 жж.) өз уақытындағы гуманистер сияқты
классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен
тарихи, философиялык көне еңбектерді оқып, әсіресе өзі өмір сүріп жаткан
Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп
ұзамай, ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломаттык
істерді аткарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол
кездегі коғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауға мумкіндік берді. Ол ертеден
келе жатқан «алдымен өмір сүру, содан кейін фәлсәфэлау»айдарымен өмір сүруге
тырысты (privus vivere deinde philosophari).