Нуржігіт Алтынбеков 186
Алайда саяси кызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды. Сондықтан
Флоренциядағы Республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол
жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген
Н.Макиавелли өзінің негізгі еңбектерін жазады. Олар: «Патша», «Флоренция тарихы», «Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде» т.с.с. Макиавеллидің адам тұжырымдамасы Адам мәселесін Н.Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың
туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы,
мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың корлануы, басы бос ерікті адамдардың
«өзім дегенде түйедей күшім бар» деген сияқты іс-әрекеттері себеп болса керек. Сол
кездегі экономика саласындағы ең белсенді топ -саудагерлер мен қолөнершілердің
өмір салтын мұқият қарап, Н.Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол
оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне
қарамастан, оның негізгісі - өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге
тырысу. «Патша» деген еңбегінде Н.Макиавелли «Адамдар меншігінен айырылғаннан
гөрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін», - дейді. «Меншік жөніндегі мүддеден кейін
ғана абырой (opore) және сый-сияпат (opori) келеді», - дейді ұлы ойшыл.
Осындай адамға деген көзқарасты универсалды анықтама ретінде пайдаланып,
Н.Макиавелли өткен адамзат тарихын (ертедегі Греция мен Римді) осы тұрғыдан
қарайды. Мұндай көзқарастың тарихтағы пессимистік нышанын айтпаса да көруге
болады. «Адамдар жөнінде, жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рахымсыз
және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, кайсыбір төнген кауіптен кашады, оңай
олжаға жүгіреді».
Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемлекеттік ұйымдардың
пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана адамдардың өзімшіл іс-
әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп қалай болуы керектігі жөніндегі