Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет168/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
196 
Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Коперниктін, ашқан жаңалығы діни 
көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға аттанатын жол ашты. 
Джордано Бруноның натурфилософиялық ілімі 
Джордано Бруно (1548-1600 жж.) Қайта өрлеу заманының ұлы тұлғасы
ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға қарсы шықты. 
Ол Дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз — 
шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде, олардан бөлек, я болмаса жоғары 
емес...». «Табиғат дегеніміз — ол заттардың ішіндегі Құдай» деген пікір таратқан. 
«Барлық заттар Ғарыштың ішінде, Ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде», 
- деген Д.Бруно ойы ертедегі философиядағы микро және макрокосмның теңдігін 
көрсеткендей болады. 
Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл Дүниенің жаны бар деп 
түсінеді. Дүниежүзілік жан – заттарды қалыптастыратын, олардың ішкі күш – қуаты.
Олай болса, бәрі де мақсатқа лайықты өмір сүреді (телеологизм). Ал оны білу – 
ғылымның негізгі ісі, - деп түсінді Д. Бруно. 
Д. Бруно тағдырына аянышты әсерін тигізіп, оны тарихи тұлғалық дәрежеге 
көтерген, әрине, оның космологиялық идеялары. Ол Н, Коперниктің идеяларын әрі 
қарай дамытып, «Күн – біздің Дүниенің орталығы ғана, ал Ғарышты алатын болсақ
ондағы саны шексіз жұлдыздардың әрбіреуі - өзінше күн және олардың да 
планеталары бар. Ал онда өмір, рух болуы мүмкін», - деген батыл болжам айтты. 
Әрине, мұндай көзқарастың тарауына христиан шіркеуі үзілді – кесілді қарсы болды. 
Сондықтан ол 1592 ж. ұсталып, түрмеге түсті. Инквизиторлар 8 жыл бойы ұлы 
ойшылға: «Көзқарастарыңнан бас тартсаң, өміріңді қалдырамыз», - деді. Бірақ Д. 
Бруно олардың ықтиярына көнбей, ақырында отқа жағылды.
Қорыта келе, философия бірте – бірте діни көзқарастан алшақтап, ақыл – ой 
елегінен өткізілген нақтылы өмірден алған тәжірибеге сүйене бастады. Табиғат 
жөніндегі ғылыми деректердің, табиғи құқ және моральдық мәселелердің мәні өсе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет