Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет219/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
253 
Адамға еріктікті сүю, тәуелсіз пікір айту сезімдерін қалыптастыру -- қажетті нәрсе. 
Мәселені нақтылай келе, Руссо баланың тәрбиесін 4 сатыға бөледі: 
туғаннан екіге дейін - негізінен, оның дене тәрбиесіне басым көңіл бөлінуі керек; 
екіден он екіге дейін - сезім мен көңіл-күй тәрбиесі жүруі керек; он екіден он беске 
дейін - баланың ақыл-ойының дамуына басым назар аударылуы қажет; 
он бестен он сегізге дейін - баланы адамгершілік жолына қою керек. әсіресе осы 
соңғы «дауыл мен іңкәр» сатысына көп көңіл бөлінуі қажет. 
Тәрбие жолында тікелей зорлық жасамай, баланың дамуына астыртын ықпал 
жасау керек. Әсіресе оның қалыптасып жаткан еріктік сезімін аялау қажет. Тәрбие 
жолында еңбек етуге үйретудің орны ерекше. Ізгілікті сүю үшін балаға ізгілікті 
істерді жасату керек. Тәрбие жолында баланың денесі мен ақыл-ойының дамуы бір-
біріне ауысып, қатар жүріп отыруы керек. 
Руссо өз заманын ондаған жылдарға озып, болашақ ұрпақтарға зор әсерін тигізді. 
Руссоның қоғам, адам, мораль т.с.с. жөніндегі көп идеялары біздің ғылыми-
техникалық революция жүріп, экологиялық дағдарысқа әкеліп жатқан заманға да 
өзекті де, мазмұнды. 
Жоғарыдағы айтылған ұлы француз ағартушыларының қатарына басқа да сол 
замандағы ойшылдарды кіргізуге болады. 
Егер Кондильяк (1715-1780 жж.) қайсыбір ой өрісі түйсіктер берген деректердің 
негізінде пайда болады, яғни қоғамның рухани өмірінде күнбе-күнгі өмір бейнеленеді 
деп есептесе, Ламетри (1709-1751 жж.) өзінің емдеу тәжірибелеріне сүйене 
отырып, адамның ұйықтап жатып көрген түсі, иә болмаса ауырып, есінен танып 
жаткандағы сандырағы жан-дүниенің толығынан мимен байланысын көрсетеді, - деген 
пікірге келеді. 
Гельвеций (1715-1771 жж.) де осы көрсетілген тұрғыдан мораль мәселелерін 
қарап, адамның қайсыбір ләззат алу формаларының негізінде сезім толкыны жатыр, 
ал кейбір адамдардың өзімшілдігіне келер болсақ, оны тәрбиенің негізінде түзеуге 
болады деген пікір айтады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет