Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет236/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
273 
Абсолюттік «Мен» (Үлкен Мен) - тарихи дамудың қайнар көзі, аныктамасы жэне 
мақсат мұраты. Тарих дегеніміз - ол дүниежүзілік зерденің қалыптасып, күрделеніп 
шексіз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке адамдардың іс-әрекеттері мен шығармашылың 
шабыты арқылы жүзеге асады. 
Фихтенің ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның еріктігінің де 
өрісі кеңейе береді. Адамдар өзінің алдына қойған мақсат-мүраттарын іске асыру 
жолында табиғатпен (Мен емес) күрделі қарым-қатынасқа түсіп, оның қойған қиын 
кедергілерін жеңіп, белестерінен өтеді. Олай болса, еріктік өрісінің кеңеюі білімнің 
өсуімен тығыз байланысты. «Еріктіктің болмысы өзінің ішкі бітімі мен мәні 
тұрғысынан алып қарағанда білімге тең», - деген пікірді Фихте басым айтады. Қоғам 
өміріндегі адамның өз дарындарын шексіз жетілдіруге қарай ұмтылысы - тарихтың 
өзегін құрайды. Ал осы ұмтылысқа жасалатын сыртқы құрал — ол мемлекет пен 
құқ. 
Мемлекет пем құқ мәселелері 
Фихтенің ойынша, адам әрқашанда әлеуметтік пенде ретінде ғана өмір сүре 
алады. Олай болса, адамдардың қарым-қатынасын ретке келтіріп отыратын заңдар 
әрқашанда қоғамға қажет. Осы себепті, Фихте адамзат тарихындағы табиғи, иә 
болмаса мемлекетке дейінгі сатыны толығынан теріске шығарады. Мемлекет 
әрқашанда дүниежүзілік тарихта болған. 
Бірақ, соған қарамастан, мемлекет адамдардан жоғары тұрған мақсат-мұрат емес, 
ол - тек қана қоғамды ұйымдастырудың, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, 
ғылым мен білімді, өндірісті ұйымдастыратын құрал ғана. Олай болса, халықтың 
мемлекетті әрқашанда бақылап отыруға деген құқы бар. Мемлекет саласында істеп 
жаткан шен иелерінің алауыздығы мен жемқорлығын сьнай келіп, Фихте: «Мемлекет — 
кажетті залымдық, бірақ адамдар Мыңдаған жылдардан кейін адамгершілік 
тұрғысынан кемеліне келген кезде, мемлекет қажет болмай қалады», - деген пікірге 
келеді. - Сонда ғана, моральдық жетілудің негізінде нағыз адамның «табиғи ахуалы» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет