Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет238/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
275 
ойдың негізінде пайда болды деп те айтуға, болжауға болатын сияқты. 
Ақырында, «Үлкен Мен» абсолюттік «Болмысқа», өмірдегі «Бірге», «Құдіретті 
Сәулеге», ең соңында «Құдайға» келіп тіреледі. Бірак кенеттен сүзек ауруына 
шалдығып дүниеден ерте кеткеннен кейін, Фихтенің философиясы толығынан діни 
көзкараска айнала алған жок. 
Қорыта келе, біз Фихтенің неміс классикалық философиясының шеңберіндегі өз 
орны бар ұлы ойшыл екенін тағы да атап өткеніміз артық болмайды. Фихтенің: «Іс-
әрекет жаса, тағы да іс-әрекет ет!» - деген ұраны біздің халыққа бүгінгі таңда 
ауадай қажет. Адамның орасан зор шығармашылық белсенділігін көрсете білген, 
адамзаттың жарқын болашағына сенімділік көрсеткен ұлы ойшыл философия 
тарихында мәңгілік қалады. 
§ 3. Шеллинг және оның философиясы 
Фридрих Вильгельм Иосиф Шеллинг (1775-1854 жж.) неміс классикалык 
философиясының көрнекті өкілі. Дарынды тұлға 15 жасында Тюбинген университетінің 
теология факультетіне окуға түсіп, екі жылдан кейін философия магистрі атағын алған. 
1798 ж. 23 жасында профессор атағын алып, ол Иена университетінде лекциялар оқи 
бастайды. Оның педагогикалық жұмысы осы кезден басталып, 1846 ж. дейін созылды. 
Шеллинг 1854 ж. дүние салды. 
Негізгі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализм жүйесі», «Дүниежүзілік жан 
жөнінде», «Өнер философиясы», «Философия және дін» т.с.с. 
Табиғат философиясы 
Жаңа дәуірдегі философияда натурфилософиялық мәселелерді өз заманындағы 
ашылған жаратылыстану ғылымдарындағы деректермен ұштастырып, сонымен катар 
біршама жаңа ойларды дүниеге келтірген Шеллингті, бұл жағынан алғанда, ешкіммен 
салыстыруға болмайды. Оны Фихтенің жасаған «Үлкен Мені», әсіресе табиғатты 
тек кана құрал ретінде түсінуі канағаттандырмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет